Ақпарат:

3 мамыр 2017 11243

«Геокен» ҒӨО-ның атаулы аудиториясын ашу және «Oil game» студенттік-кәсіптік ойын

«Геокен» ҒӨО-ның атаулы аудиториясын ашу және «Oil game» студенттік-кәсіптік ойын

27 сәуірде Қ.Тұрысов атындағы ГжМГІИ-ның «Геофизика» кафедрасында бірнеше іс-шаралар өтті:

1. «Геокен» ҒӨО-ның атаулы аудиториясын  ашу салтанаты;

2. «Геологиялық барлау процесіндегі геофизиканың рөлі»  ғылыми-өндірістік семинары;

3. «Oilgame» студенттік-кәсіптік ойыны.

Бұл іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, ГКТ және ПҚІ кафедрасының меңгерушісі Алма Бекботаева, «SEG» студенттік зерттеуші-геофизиктер қоғамы және сервистік компаниялардан шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шара «Геокен» ҒӨО-ның атаулы аудиториясының  ашылу салтанатымен басталды. Бұл компания білім беру процесіне және «Геофизика» кафедраның материалды-техникалық базасына әр уақытта көмектесіп тұрады. Атап айтқанда, студенттер мен магистранттарды ғылыми тағылымдама мен практикадан өтуге, жұмысқа тұрғызуға көмектеседі, студенттер мен оқытушыларға стипендия тағайындайды, геофизикалық аспаптармен, техникалық құралдармен қамтамасыз етіп отырады. Алдағы уақытта бірлескен ғылыми-өндірістік жоба жүргізу жоспарланып отыр.

Ғылыми-өндірістік семинар аясында қазіргі таңдағы геофизикалық ауқымды жұмыстар жайында презентациялар тыңдалды:

1. «Заманауи геологиялық барлау процесіндегі гравибарлау мен магниттік барлаудың рөлі» (Петр Коврижных – ЖШС «Геокен» ҒӨО-ғы директорының бірінші орынбасары, г.-м.ғ.к.);

2. «Бозащы кенорнының территориясында жер қойнауының геодинамикалық мониторингі» (Людмила Ли – ЖШС «Геокен» ҒӨО-ғы департаментінің  басшысы, г.-м.ғ.к.); 

3. «Мәліметтерді интерпретациялау және геологиялық модельдеу» (Айтбек Ахметжанов – «Адаойл» ЖШС-нің бас геофизигі, г.-м.ғ.к.)

4. «Геологиялық мәселелерді шешуде ТСП қолдану» (Ұлан Игимбаев, Ермек Назаров – «Даңқ» ЖШС-нің жетекші геофизиктері);

5. «Мәліметтер базасын қалыптастыру мақсатында геофизикалық ақпараттарды сараптау мен жинау және Қазақстан көмірсутектерінің сандық моделін құру» (Гүлнарам Жылқыбаева – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың докторанты).

«Oilgame» студенттік-кәсіптік ойынының нәтижесі бойынша 1-орынды ҚБТУ-нің SPE өкілдері; 2-орын – ҚБТУ-нің SEG; 3-орын – ҚазҰТЗУ-нің SEG иеленді. 

1

1

Ақпарат көзі: «Геофизика» кафедрасы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту