Ақпарат:

11 қыркүйек 2017 10480

Геологтар Лондон мұражайында тағылымдамадан өтті

Геологтар Лондон мұражайында тағылымдамадан өтті

2017 жылы тамыз айының алғашқы жартысында ҚазҰТЗУ-дың «Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсіру, іздестіру және барлау» кафедрасының оқытушылары Лондондағы Табиғи тарих мұражайына (Natural History Museum) барып қайтты.  

Табиғи тарих мұражайы екі бөлімнен тұрады – зерттеулік және көрмелік. Зерттеулік бөлімі келушілер үшін жабық болғандықтан, ҚазҰТЗУ оқытушылары геологиялық пәндер оқулығын шығару жұмыстарымен дәл осы жерде бір апта бойы шұғылданды. Жаңа оқулықтардың рецензенттері болып профессор Алла Долгополова мен рудалы кен орындарын зерттеу жұмыстарының белсендісі, осы мұражайдағы ғылыми зертхана жетекшісі профессор Реймар Селтман тағайындалды.

Оқытушылар әр оқулықты жеке-жеке талдап, олардың ағылшын тіліндегі аудармасына ерекше мән берді. Профессор Реймар оқулықтардың өте жоғары деңгейде жасалғанын атап өтіп, кітаптарды құрастыру мен әрлеу жөнінде өз ойын білдірді.

Табиғи тарих мұражайы – Британиядағы ең ірі үш мұражайдың бірі болып саналады, онда динозавр сүйектерінің дүние жүзіне әйгілі коллекциясы мен тираннозаврдың механикалық моделі сақталған. Мұндағы 80 миллионнан астам жәдігерлерден басқа, мұражайда өте сирек кездесетін кітаптар, ғылыми жұмыстар, манускриптер және көркем сурет коллекциялары бар. Зерттеу мақсатында олардың бәрімен танысуға болады. Оқытушылар Табиғи тарих мұражайының минералогиялық және палеонтологиялық секторларын аралап, ғылыми зертханасымен танысты.

Тағылымдама нәтижесі бойынша оқытушыларға сертификаттар тапсырылып, құрастырған оқулықтарын одан әрі жақсарту жөнінде рецензиялар мен тиісті кеңестер берілді. Сонымен қатар Реймар Селтман мен Алла Долгополованың Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға алдағы сапары жайлы талқыланды. Ғалымдар мұнда геология пәндерін ағылшын тілінде жүргізудің жаңа әдістері жөнінде кеңес беріп, іскерлік сабақтарын өткізбекші.   

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту