Ақпарат:

9 ақпан 2017 10026

Қазақстан мен Орталық Азиядағы су ресустарының жағдайы талқыланды

Қазақстан мен Орталық Азиядағы су ресустарының жағдайы талқыланды

Ақпанның 8-і күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Қазақстан мен Орталық Азиядағы су ресустарының жағдайы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Бұл басқосуды Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасы мен Қазақстан–Неміс университеті бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұстаздары мен студенттері арнайы шақырылды.
Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Т.А.Еңсепбаев аталмыш жиынды кіріспе сөзбен ашқан соң, Қазақстан–Неміс университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Юрий Фольк, ЮНЕСКО-ның «Қазақстан мен Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару» кафедрасының профессоры Барбара Януш-Павлетта ғылыми семинарға қатысушыларды құттықтап, игілікті істер тіледі. 
Осы институттың «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасының профессоры Вячеслав Алексеевич Завалей Алматы облысы, Панфилов ауданындағы «Жарқұнақ» ауылындағы жерасты суларын барлау-бақылау жұмыстарының барысымен таныстырды. Профессор мұндағы жерасты су қорларын пайдалану мүмкіндіктерінің болашағы жайлы айтып берді. Ондағы жер астындағы 75–103°С тұщы термальды су көзін жыл бойы, әсіресе қыс мезгілінде жылыжайларды жылыту үшін пайдалануға болатындығын жеткізді.
Орталық Азия бойынша Рамсарск өңірлік бастамалар жөніндегі техникалық хатшысы Жанель Карина аталмыш ұйымның «Сулы-батпақты алқаптар: апаттардан табиғи қорғану жолдарын ұйымдастырудың барысы жайлы» Тұжырымдамасымен таныстырды. Ол студенттердің осы бағыттағы ғылыми жобалары болса, байқауға қатысуға болатындығын ескертті.
Семинар жұмысының екінші жартысында студенттер өздерінің алған әсерлерін ортаға салды. Сол сияқты ҚазҰТЗУ-дың студенті Валентина Салыбекова «Ластанған жерасты суларын техногендік алты валентті хроммен тазалау әдістері», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенті Уәли Бегдос «Арал теңізінің проблемалары және оны шешу жолдары», Қазақ-Неміс университетінің студенті Екатерина Александровская «Қырғыз Республикасы агроорманмелиорациясының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында қысқаша баяндама жасады. Семинар барысында «Ғылыми жобалар акселерация» deep.report сайтының тұсауы кесілді. Жоғарыдағы талқылауға ұсынылған тақырыптардағы мәселелер бойынша оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер белсенді атсалысып, өз ойларымен бөлісті.

  

 

 

ҚБД

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту