Ақпарат:

24 мамыр 2017 13290

Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындарында үш тілді білім беру бағдарламасын енгізу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орындарында үш тілді білім беру бағдарламасын енгізу ерекшеліктері

Қазақстанда енгізіліп жатқан көптілді білім беру бағдарламасы бірден бір бағдарлама болып табылады жәнебатыстық аналогтардан ерекше тілді бируақытта қатар үйренуді білдіреді. «Тілдердің үштұғырлылығы» - бұл қазақ тілін мемлекетттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – ғаламдық экономикаға нәтижелі бірігу тілі болып табылады.

Осыған орай, «Ағылшын тілі» кафедрасы ұйымдастырған 11 мамырда өткен дөңгелек үстел аясында Қ.И Сатпаев атындағы КазҰТЗУ-де үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыға салынды. Дөңгелек үстелдің тәжірибелік сипаты, аталған бағдарламаны іске асыру жолында студенттердің және түрлі бөлім қызметкерлерінің дайындық деңгейлерін, сондай-ақ университеттің материалды-техникалық мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.

казниту

Ұсынылған баяндамаларда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік көптілді білім берудің бағдарламасының негізгі талаптарына (ағылшын тілі кафедрасының профессоры Людмила Смирнова), техникалық жоғары оқу орнындағы мамандарды кәсіби тілдік даярлау тәсілдеріне (Акпараттык және телекоммуникациялық технологиялар институтының қауысдастырылған провессоры, т.ғ.к Біржан Жұмағалиев), математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту аспектілеріне («Математика» кафедрасының профессоры Аужан Сақабеков, «Математика» кафедрасының меңгерушісі Раушан Кельтенова), кредиттік технология бойыншы оқыту ерекшеліктеріне (Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Ринат Искаков), сонымен қатар студенттік (ағылшын тілі кафедрасының профессоры Людмила Смирнова) және мұғалімдер құрамының (ағылшын тілі кафедрасының профессоры Сауле Абдыгаппарова) ерекшеліктерімен байланысты Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-де ағылшын тілін оқытудың сатылық бағдарламасы енгізу мәселелерін талдауға көңіл бөлінді.

казполитех политех

Жүргізілген сауалнамалар және ағылшын тілін оқыту мен қазақстандық мектептерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жөніндегі сараптамалардың статистикалық деректері көрсеткендей берілген бағдарламаны енгізудің үш мәселесі айқындалды. Бірінші мәселе ағылшын тілін оқыту сапасына және мектептерде алынған білімнің әділ бағаланбауына қатысты. Бірінші курс студенттерінен алынған сауалнамалар мектеп ұстаздарының тіл және әдістемелік дайындығы жағынан әлсіздігін, сонымен бірге мектептердегі оқыту үдерістеріндегі басқа да бірқатар кемшіліктерді анықтады. Ағылшын тілінен мектеп аттестаттарына лайықсыз қойылған бағалар жоғары оқу орындарында топтарды қалыптастырумен қатар ағылшын тілін үйретудің келесі Elementary-General-Academic-Business сияқты деңгейлік жүйелерін енгізуде студенттермен бірге ЖОО оқытушыларына қиындықтар тудырып жатыр. ҚазҰТЗУ-ға оқуға түсу барысындағы қажетті тілдік дайындыққа (мектептегі шектік деңгей – А2) бірінші курс студенттерінің тек 30% ғана ие. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына мектептегі бағдарламаларды қайта қайталауына тура келіп жатыр. ЖОО өзінің оқыту бағдарламаларын студенттердің құрамына қарай бейімдеуіне тура келді. Көптеген студенттерге тілдің келесі деңгейіне өту үшін қажетті тілдік материалдарды игеру қиынға соғып жатыр.

Дөңгелек үстел ұсыныстары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту