Ақпарат:

14 тамыз 2017 10333

ҚазҰТЗУ Alstom механиктерін локомотив жөндеуге үйретеді

ҚазҰТЗУ Alstom механиктерін локомотив жөндеуге үйретеді

2017 жылдың 21 шілдесінде Alstom компаниясының басқарма директоры Бернард Пейл Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дағы Қазақстан-француз білім беру орталығына келді.

Бұл кездесудің басты мақсаты –  Қазақстан-француз ғылыми-білім беру орталығының кәсіби мамандарының Alstom компаниясының техникалық қызметкерлерінің энергетика, электроника және Sсhneider Electric автоматтық жүйесіне техникалық қызмет көрсету саласындағы кәсіби деңгейін арттыруға арналған оқу курстарын ұйымдастыру. Білім беру орталығының жалпы мүмкіндіктеріне көз жеткізу үшін, орталықтың техникалық қолдау көрсету бөлімінің жетекшісі Біржан Байбутанов қонақты білім беру әдістерімен, зертханалармен және орталықтың техникалық жабдықтарымен таныстырды.

Кездесу барысында Бернард Пейл: «Қазақстан-француз ғылыми-білім беру орталығының кәсіби мамандары Alstom компаниясы үшін іскерлік жаттығулар бағдарламасын құрастырып, сөйтіп біздің инженерлердің жұмысын жеңілдетуге, әрі кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік жасайды деген сенімдеміз», – деді.

Кездесуде екі жақтың өкілдері болашақтағы жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынас жайында, сондай-ақ Sсhneider Electric орталығының студенттерін Alstom компаниясына жұмысқа орналастыру немесе тағылымдамадан өткізу мүмкіндіктерін қарастырды.

Alstom – машина жасау компаниясы, энергетикалық жабдықтар және темір жол көліктерін өндіруші алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Компания Қазақстанда локомотивтер жасап шығарады, сонымен қатар электрлік құрал-жабдықтар тақырыбында іскерлік жаттығу сабақтарына қызығушылық танытып отыр. Қыркүйек айында Alstom компаниясының инженерлері Sсhneider Electric орталығына келіп, алдағы бірлесе атқаратын жұмыстарының мәселелерін талқылайды.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту