Ақпарат:

26 сәуір 2017 10841

ҚазҰТЗУ-дың геолог-студенттері – Томск политехникалық университетінде

ҚазҰТЗУ-дың геолог-студенттері – Томск политехникалық университетінде

3-7 сәуір күндері Томск политехникалық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Геология және жер қойнауын игеру проблемалары» атты XXI Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. ҚазҰТЗУ-дың Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының 3-курс геолог-студенттері Айсамал Әбілтаева, Назым Досқали және Ербол Оралбаев осы жиында профессор Я.К. Аршамовтың жетекшілігімен ғылыми баяндамалар жасап, нәтиже бойынша дипломдармен марапатталды.

Аталған студенттер «Қазіргі заманғы геодинамикалық концепциялар негізінде Қазақстанның континенттік жанартау-плутондық белдеулеріндегі (девондық және кешпалеозойлық) мыс-порфирлі кенденулердің өнеркәсіптік перспективасын қайта бағалау» тақырыбындағы гранттық ғылыми жобаның орындаушылары болып келеді. Ғылыми жобаның жетекшісі – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ГТПҚКІжБ кафедрасының ассоциацияланған профессоры Ялқунжан Аршамов.

Ғылыми жетекші Я.Аршамов Томск политехникалық университетінде Табиғи ресурстар институтының директоры Артем Боевпен, «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» кафедрасының меңгерушісі Роман Гавриловпен, сондай-ақ «Геоэкология және геохимия» кафедрасының меңгерушісі Егор Язиковпен кездесіп, ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында қарым-қатынасты әрі қарай дамыту мәселелерін және ГТПҚКІжБ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының «Геология және уран кенорындарын барлау» бағыты бойынша біліктілікті жоғарылату курстарын өту мәселелерін талқылады. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту