29 қараша 2017 9911

ҚазҰТЗУ командасы TOM:Kazakhstan жобасында

ҚазҰТЗУ командасы TOM:Kazakhstan жобасында

Қараша айының 9-ы мен 13-ші аралығында Қарағанды қаласында Халықаралық «ТОМ: Kazakhstan-2017» жобасы болып өтті.  

Аталған жобада университетіміздің намысын «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінен құралған «КазНИТУ» командасы абыроймен қорғады.

ТОМ: Kazakhstan – бұл 72 сағаттық Мейкатон, ол жерде мейкерлер (өнертапқыштар) нид-ноуэрлермен (мүмкіндігі шектеулі жандар) бірге ақылдаса отырып, сол жандардың күнделікті тұрмыстағы қиындықтары мен мәселелерін шешу үшін әртүрлі прототиптер жасалатын жоба. Жоба ұйымдастырушылары Тель-Авив университетінің Қазақстандағы достары қауымдастығы мен Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті.

Жалпы, аталған жоба үш кезеңнен тұрады: пре-ТОМ, ТОМ, пост-ТОМ. Университетіміздің намысын қорғаған «КазНИТУ» командасы жобаның екі кезеңінен сәтті өтіп, соңғы кезеңге жолдама алды.

Жоба барысында біздің команда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған баспалдақпен өздігінен (қосымша сүйемелдеуді талап етпейтін) көтерілетін арба жасап шықты. Аталған жоба ұйымдастырушыларының көңілінен шығып, болашақта бизнес жоба ретінде іске асыруға мүмкіндігі зор екенін көрсетті.

ТОМ: Kazakhstan жобасында университет намысын абыроймен қорғаған РТ және АТҚ кафедрасының оқытушылары мен студенттерін құттықтаймыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту