Ақпарат:

12 шілде 2017 11799

ҚазҰТЗУ WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі шеңберінде энергетика дамуының векторын тапсырады

ҚазҰТЗУ WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі шеңберінде энергетика дамуының векторын тапсырады

2017 жылғы 19 – 20 маусымда Астана қаласында WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік бірінші  конгресі өтті, оған 51 елден 1000-нан астам делегат келді. Соның ішінде – Нобель сыйлығының төрт лауреаты, «Жаһандық энергетика» Халықаралық сыйлығының сегіз лауреаты, қазақтаннның және шетелдің атақты ғалымдары, экологтары, ірі халықаралық компания басшылары мен энергетика министрлері. Алғаш рет осындай ауқымдағы оқиға тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да болды.

         ЕХРО халықаралық көрмесінің конгресс-орталығы «жасыл» технологияның және жаңартылып отырған энергия көздерін дамытудың пікірталас ортасына айналды. Іс-шара шеңберінде 300-ден астам баяндама, 80-нен астам ғылыми тұсаукесер, 3 дөңгелек үстел және көптеген пікірталастар өтті. Ұлттық техникалық университет ғалымдары форум жұмысына белсене қатысты, «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер мен оларды жүзеге асыру әдістері» конгресс тақырыбы бойынша өздерінің баяндамалары мен тұсаукесерлерін ұсынды, бұл ЕХРО 2017 негізгі идеясымен тікелей байланысты.

         Конгресс ҚазҰТЗУ ғалым-инженерлері үшін әлемдік аренада өздерінің өнертабыстарын көрсетуде бірегей мүмкіндік болды. Тақырыптық көрмеде үш ғылыми жоба ұсынылды: Р.М.Утебаевтың «Электромобильдерге арналған зарядтау станциясы», профессор Ж.К.Касымбековтың «Суды қамтамасыз етудің гидроциклонды торабы бар кіші деривациялық гидроэлектростанция» және профессор Б.У.Куспангалиевтің «Қолжетімді баспана» ҚР мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй ғимаратын жобалауға арналған энергиялық тиімді технологиялық шешімдер».

         Осы жобалардың әрқайсысы практикада жүзеге асырылды. Энергиялық тиімді технологияларды қолдана отырып әзірленген тұрғын үй құрылысы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламаның бөлігіне айналды. Осы жоба үшін ҚазҰТЗУ-да әзірленген технология энергия тұтынуды 30%-ға, жылуды 50%-ға азайтуға және ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

         Электрмобильдерге арналған зарядтау станцияларын құруға арналған жоба 2015 жылы іске қосылған. Электрмобильдерге арналған алғашқы зарядтау станциясы Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ аумағында іске қосыла бастады. Әзірлеушілердің деректері бойынша зарядтау станциялары алдағы уақытта Алматы қаласының автомай құю орындарында да пайда болады.    

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту