Ақпарат:

22 маусым 2021 7731

«Химиялық және биохимиялық инженерия» білім беру бағдарламасы (БББ) — жаңа мүмкіндіктер әлеміне ашылған есік

«Химиялық және биохимиялық инженерия» білім беру бағдарламасы (БББ) — жаңа мүмкіндіктер әлеміне ашылған есік

Егер мектепте сізге химия немесе биология, география мен экология пәндері ұнаған болса, егер сіз жаңа молекулаларды құруды, жаңа қосылыстар мен заттарға биологиялық белсенді қасиеттер беруді армандайтын болсаңыз, экологиялық таза, әрі жаңа химиялық және биологиялық технологиялар мен процестердің жаңашылдығын бағалайтын болсаңыз, сізді Химиялық және биологиялық технологиялар институтының «Химиялық және биохимиялық инженерия» атты ерекше бағдарламасына қосылуға шақырамыз. Бұл Сәтбаев Университетіндегі келешегі зор білім беру бағдарламаларының бірі, ол сізге сұранысқа ие мамандық иесі болуға және химиялық инженерия және процестер, биотехнология, экология салаларында жоғары мансапқа көтерілу мүмкіндіктеріне кепілдік береді.

Қазіргі химиялық инженерия ХХ ғасырдағы өнеркәсіптік химиядан бастау алады: химиялық технологиялар агроөнеркәсіптік кешенде тыңайтқыштар мен пестицидтерді өндіру, сондай-ақ бүкіл электронды өнеркәсіптің негізі болып саналатын жартылай өткізгіштерді өндіруде ең маңызды технологиялық жаңалықтардың негізіне алынды; әрине, барлық полимерлер мен пластмассалардың, дәрі-дәрмектер мен вакциналардың негізі – осы химиялық технологиялар.

ХХІ ғасырда химиялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Еңбек нарығында «Химиялық және биохимиялық инженерия» бағдарламасының түлектері үшін көптеген қызықты жұмыс орындары бар. Мысалы, химиктер жаңа дәрілік заттар мен дәрілерді биотехнологтармен және экологтармен тығыз байланыста синтездейді, ал олардың тиімділігі дәлелденгеннен кейін химиялық инженерлер өндіріс көлемін одан сайын кеңейтумен айналысады.

Бұл білім беру бағдарламасының түлектері өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларында еңбек етеді, олар қалдықтарды қайта өңдеудің және суды тазартудың жаңа тәсілдерін таба отырып, экологиялық таза биоматериалдарды өндірісте қолдана отырып, жаңа энергия векторларын дамытады, жаңа материалдар әзірлейді және экологиялық таза өндірістік технологияларды ұсынады.

Химиялық және биологиялық технологиялар, инженерлік биотехнологиялар және экология қазіргі уақытта әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылады. Химия және биотехнология – әлемнің көптеген елдерінің өндірістік кешенінің маңызды бөлігін құрайтын ірі кәсіпорындардың негізі.

«Химиялық және биохимиялық инженерия» жаңа білім беру бағдарламасын аяқтаған түлек «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесін алып шығады. Бағдарламада химиялық инженерия және химиялық процестер, биотехнология және экология сияқты салаларда кіріспе, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өту курстары қарастырылған.

Бағдарламада сондай-ақ шет тілін тереңдетіп оқыту қарастырылған, бұл бағдарламаны тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгеріп шығуға мүмкіндік береді.

Химиялық және Биологиялық Технологиялар Институты 

Білім беру бағдарламаларына тіркелу

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі электронды пошталарға жазыңыздар:

grad@satbayev.university;
a.seitkhan@satbayev.university;
g.aitkaliyeva@satbayev.university;
z.tuiebakhova@satbayev.university;
r.iskakov@satbayev.university.

«Химиялық және биохимиялық инженерия» бағдарламасының оқыту бағыттары

Бұл бағдарламаны таңдау арқылы оқудың алғашқы екі жылында сіз жеке оқыту бағыты бойынша іргелі инженерлік дайындықтан өтесіз, бұл оқу бағыты органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық инженериясымен, биотехнологиямен, экологиямен, кәсіпорын дизайнымен, биологиялық өндіріс орындарының химиялық және экологиялық қауіп-қатерін бағалаумен тығыз байланысты. Ал үшінші оқу жылында сіз келесі оқу бағыттарының бірін таңдай аласыз:

 

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Көмірсутектерді, минералды және техногендік шикізаттарды мақсатты өнімдерге, реагенттерге және жаңа полимерлі материалдарға қайта өңдеудің заманауи технологиялары саласындағы жұмыс. Бұл мамандықтың түлектері мұнай, газ және мұнай-химия салаларының әртүрлі ұлттық, шетелдік кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларында, жобалау және білім беру орындарында (университет, институт, колледж) табысты қызмет ете алады.

Білім беру бағдарламаларының тобы

ҰБТ пәндері

В060 Химиялық инженерия және процестер

Химия – Физика

 

 

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

Ядролық химия технологиясы, табиғи шикізатты кешенді пайдалану технологиясы саласындағы жұмыс; минералды қышқылдар, тұздар, сода, сілтілер, газды және ағынды суларды тазарту; химия және металлургия өнеркәсібінің қалдықтары мен жартылай өнімдерін қайта өңдеу; глинозем өндірісі, хром және оның қосылыстарының өндірісі; әйнек, синтетикалық жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және т.б. өндіру. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер кәсіпорындарда да, ғылыми-зерттеу және білім беру орындарында да инженер-технолог, инженер-жобалаушы, ғылыми қызметкер ретінде табысты еңбек ете алады.

Білім беру бағдарламаларының тобы

ҰБТ пәндері

В060 Химиялық инженерия және процестер

Химия – Физика

 

 

«Биотехнология»

Экологиялық таза биотехнология мен биотехнтканы, баламалы жаңартылатын биоэнергияны, биологиялық зақымданудан, техникалық биополимерлерден және органикалық еріткіштерден қорғау құралдарын өндіру және оларды өндіріске енгізу саласындағы жұмыстар. Түлектер өндірістің барлық салаларында, ғылыми-зерттеу институттарында, орта техникалық және жоғары оқу орындарында, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және кеден қызметтерінде еңбек ете алады.

Білім беру бағдарламаларының тобы

ҰБТ пәндері

В050 Биологиялық және аралас ғылымдар

Биология – Химия

 

 

«Экология»

Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық болжам және бақылау жүргізу, экологиялық факторларының қоршаған ортаға әсерін бағалау саласындағы жұмыстар. Бұл мамандықты бітірген түлектер қоршаған ортаны қорғау инженері, отандық және халықаралық қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының жетекші маманы, пайдалы қазбаларды байыту өндірісінің өнеркәсіп орындарында, минералды және органикалық шикізатты қайта өңдеу, тауар өндірісі саласында, экологиялық жобалау компанияларнда, өндірістік зертханаларда, ғылыми-зерттеу институттары мен бірлестіктерде экологиялық жобалардың сарапшысы ретінде жоғары сұранысқа ие болады. Экологтар маңызды мемлекеттік жобаларда инженерлермен және химиктермен, биотехнологтармен бірлесіп, табысты еңбек етеді.

Білім беру бағдарламаларының тобы

ҰБТ пәндері

В051 Қоршаған орта

Биология – География

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту