Ақпарат:

31 наурыз 2020 9664

ҚР жоғары оқу орындарында пандемия кезінде қашықтықтан оқыту: қиындық па, әлде жаңа мүмкіндіктер ме?

ҚР жоғары оқу орындарында пандемия кезінде қашықтықтан оқыту: қиындық па, әлде жаңа мүмкіндіктер ме?

Онлайн оқыту – бұл білім беру жүйесінің ғаламдық жаңа беталысы, оны Stanford, Berkley, MIT секілді ірі-ірі университеттер дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Елдегі жалпы карантиндік жағдай қазақстандық университеттер үшін сынақтан өтудің де, әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің де жақсы мүмкіндігі болары сөзсіз.

Сәтбаев университеті жаһандық трендтерге сүйене отырып, елде карантин жарияланғанға дейін-ақ өзінің Polytech Online қызметін пайдаланып, қашықтықтан оқытуды бастаған болатын. Алғашқы кезеңде бұл сервис екінші жоғары білім алғысы келетін адамдарға ғана арналды, тек 2019 жылдың күзінен бастап Сәтбаев университеті студенттерінің көпшілігі, соның ішінде 1 және 2-курстар міндетті пәндерді blended-learning форматында, яғни қашықтықтан оқуды классикалық күндізгі оқу түрімен араластырып, үйлесімді оқу жүйесіне ауыстырылды. Осыған байланысты оқу материалдары онлайн-сабақтарға бейімделіп енгізілді, ал көптеген студенттер аралас режимде білім алуға машықтанды.

Сәтбаев университеті Қашықтықтан білім беру институтының директоры Андрей Симоновтың айтуынша, пандемияға (COVID-19) байланысты қашықтықтан оқытуға жедел түрде көшу үшін қолданыстағы платформаның қуаттылығы арттырылды, бірқатар техникалық мәселелер шешілді, серверлер ауыстырылды, кең жолақты интернетке қосылу ұйымдастырылды және дайындық жұмыстары жүргізілді.

Жүйенің резервтік көшіру механизмі реттелді, жүктемелерді бақылау құралдары және жедел хабарлау жүйелері жасалып, іске қосылды, өңдеу, жөндеу, тестілеу және сақтау жұмыстары орындалды. AD (Active Directory) каталогына тіркеу жүргізу модулін қауіпсіздік пен шифрлау механизмдерінің деңгейін арттырумен бірге жұмысқа қосуды одан әрі бұлтты сервистер мен қашықтықтан білім беруге қолжетімді ете отырып қосу, интернет арналары мен серверлерге тест жүргізу жүзеге асырылды. Барлық жұмыстар 2020 жылдың 15 наурызында толығымен аяқталды.

Бұл аз ғана уақыт аралығында – екі жарым күннің ішінде Сәтбаев университетінің қашықтықтан жұмыс істеуге ауысқан адамдарды, яғни студенттер мен оқытушылар санын 9000-нан астам адамға дейін өсіруге мүмкіндік берді. Қашықтықтан оқытудың алғашқы екі аптасының нәтижелері университеттің жаңа мүмкіндіктерін және оның жаңа жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

«Қашықтықтан оқыту – біздің университет үшін жаңа формат емес, сондықтан ауысу тез әрі оңай болды. Осы жағдайға дейін де бізде барлық білім беру бағдарламалары материалдарынан тұратын электрондық оқыту жүйесі – http://polytechonline.kz/ бар еді. Барлығы 1396 пән, олар өз ішінде бірнеше бағыттарға бөлінеді. Студенттер әр пән бойынша белгілі бір факультеттің профессорлы-оқытушылар құрамына тіркеле отырып бөлінді», – деді Сәтбаев университеті Қашықтықтан білім беру институтының директоры Андрей Симонов.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, толыққанды білім беру оқу процесінің нақты құрылымын және бағдарламаның аудио-видео материалдарын дәрістер арасында үздіксіз, ыңғайлы және сапалы түрде таратуды қамтамасыз ететін қызметпен үйлескенде ғана мүмкін болады. Сәтбаев университетінде қазірдің өзінде білім беретін бейнематериалдардың мәліметтер базасы бар, мультимедиалық мазмұн үнемі жаңартылып отырады.

«Мультимедиалық контентті жасау – әртүрлі сериалдарды шығарумен салыстыруға болатын, көп уақытты қажет ететін күрделі процесс, ол да фильм түсірудің тиісті кезеңдерін (сценарий, сюжеттік фильм, түсірілім, бейнені өңдеу және т.б.) қамтиды. Дәлірек айтқанда, бір пән 15 дәрістен тұрады, әр дәрістің орташа ұзақтығы 50 минут, барлығы 12 сағаттан артық жұмыс – яғни толық сериал түсірумен тең сияқты. Бұл камераны қойып, оған жай ғана қарап отыру емес, – деп түсіндіреді Андрей Симонов, – бізде 10 адамнан тұратын команда төрт пәнді енгізумен айналысты, бұл оқытушылар құрамын ескермегенде. Мультимедиалық байланыстың бұл түрі оқытушылар мен студенттер қатысатын басқа да қашықтықтан білім беру формаларынан айырмашылығы – мұнда визуализацияның заманауи құралдары – 3D графикасы, бейнеклиптер және т.б., яғни материалды интерактивті түрде түсінікті ететін барлық нәрселер қолданылады».

Сабақтар дәрістерге, практикалық және зертханалық жұмыстарға бөлінгендіктен, қашықтықтан оқыту форматында оқытушылармен бірге нақты уақыт режимінде білім алумен қатар, берілген материалды өз бетінше оқып үйрену түрі де қарастырылған. Polytech Online сервисінің аясында студент дәрістерге және басқа да теориялық материалдарға – тесттер мен үй тапсырмаларына қол жеткізе алады. Қажет болған жағдайда оқытушымен байланысуға және өткен материал бойынша сұрақтар қоюға, вебинарға қатысуға әрқашан мүмкіндік бар. Бұл қызмет түрі алғашында аптасына 240 сағат вебинар өткізуге арналған болатын.

Ішкі сервиспен қатар студенттер Microsoft Teams, Skype, Zoom секілді басқа да балама IT-құралдарды қолдана алады. Бұл оқу процесіне қатысқан барлық студенттерге дәрістерге қатысу әсерін сезініп, онлайн түрде байланыс жасауды қамтамасыз етеді.

Осылайша, Polytech Online виртуалды аудиторияға айналып, студенттерге Қазақстанның кез келген бұрышынан білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге карантин кезінде үйлеріне кеткен студенттер оқу процесін үзбей білім ала алады, ал интернетке қосыла алмаған немесе оның жылдамдығы жоғары болмаған жағдайда олар кейіннен, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта дәрістерге қол жеткізе алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту