«Сәтбаев оқулары-2021» конференциясына тезистер қабылдау ашық
Сәтбаев университеті 2011 жылдан бастап жыл сайын "Сәтбаев оқулары" атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференция дәстүрлі түрде Алматы қаласында «Сәтпаев көшесі, 22” мекен-жайы бойынша өткізіледі. 2020 жылы конференция алғаш рет онлайн өткізілді. Биылғы жылы конференцияны Microsoft Teams платформасында онлайн форматында өткізу жоспарланып отыр.
Конференция инновациялық бағыттарды - ғарыш геологиясын, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мен игерудің цифрлық технологияларын, минералдық-шикізат кешенінің экономикасын цифрландыруды және басқа да көптеген салаларды қоса алғанда, атқарымдарды шоғырландыруға арналған.
Конференция нәтижесінде конференцияға қатысқандардың баяндамалары Сәтбаев университеті электронды ғылыми кітапханасында орналастырылады.
Ғылыми секциялардың тақырыптары:
- Геология, геофизика, мұнай және тау-кен ісі
- Металлургия және өнеркәсіптік инженерия
- Кибернетика және ақпараттық технологиялар
- Химиялық және биологиялық технологиялар
- Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау
- Сәулет және құрылыс
- Жобаларды басқару
- Базалық білім беру
31 наурыз 2021 ж. тезистерді қабылдаудың соңғы күні
12 сәуір 2021 ж. конференция
Конференция хатшысы:
Гульнафис Баудағулова, 8 (727) 2577178, +7 778 700 7011, g.baudagulova@satbayev.university.