Ақпарат:

2 қыркүйек 2020 32964

Сатбаев Университет The Times Higher Education ғаламдық рейтингісіне енгізілді

Сатбаев Университет The Times Higher Education ғаламдық рейтингісіне енгізілді

Бүгін жоғары оқу орындарының сапасын бағалау бойынша әлемдік көшбасшы, дүние жүзіне танымал британдық Times Higher Education басылымы әлемнің үздік зерттеу университеттерінің рейтингісін жариялады.

Әлемдегі ең үздік он университеттің қатарында – Оксфорд университеті, Стэнфорд, Гарвард, Калифорния технологиялық институты, Массачусетс технологиялық институты, Кембридж, Берклидегі Калифорния университеті, Йель, Принстон және Чикаго университеттері бар.

Times Higher Education World University Rankings 2021 рейтингісіне қазақстандық үш ЖОО кірді: Сәтбаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Барлық үш университет те 1000+ рейтингісінен орын алды. Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Сәтбаев университеті бес саланың үшеуінен ең жоғары балл санына ие болды: Зерттеулер, Дәйексөздер, Өнеркәсіп пен коммерциялық секторға арналған зерттеулерден түскен кірістер.

Рейтингке Ресей Федерациясынан 39 университет өтті.

Жалпы, ең үздік университеттердің биылғы тізіміне әлемнің 93 елінен 1527 жоғары оқу орны қатыстырылды. Тәуелсіз сарапшылар әлемдегі 2000-ға жуық жетекші зерттеу университеттерінің мәліметтерін мұқият талдап, 22 000-нан астам сауалнамалар негізінде олардың академиялық беделін бағалау нәтижелері алынды. Сондай-ақ Elsevier библиометриялық деректері негізінде бес жыл ішінде 13,6 миллион ғылыми жарияланымдар мен 86 миллионнан астам дәйексөздер талданды.

Times Higher Education World University Rankings – бұл барлық негізгі қызмет бағыттары бойынша қарқынды зерттеу жұмыстарын жүргізетін университеттердің сапасын бағалайтын ғаламдық рейтинг.

Университеттердің көрсеткіштері 5 сала бойынша топтарға бөлінген:

  • Оқыту (білім беру ортасы);
  • Зерттеу (зерттеудің кірісі, көлемі және беделі);
  • Дәйексөздер (зерттеудің әсері);
  • Халықаралық перспективалар (зерттеу жүргізетін шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, шетелдік студенттердің үлесі және халықаралық авторлық);
  • Өнеркәсіпке және коммерциялық секторға арналған зерттеулерден алынған кірістер (білім беру).

Сонымен қатар Times Higher Education жоғары оқу орындарын бағалау әдістемесінің бір бөлігі – әлемдік  жетекші аудиторлық ұйымдардың «Үлкен төрттігіне» кіретін PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясының рейтинг нәтижелеріне тәуелсіз аудит жүргізуі болып табылады.

Рейтинг нәтижелерімен мына ресми сайт арқылы танысуға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту