25 сәуір 2022 4451

Сәтбаев Университеті 4 мамыр күні өтетін университеттік рок-фестивальға шақырады

Сәтбаев Университеті 4 мамыр күні өтетін университеттік рок-фестивальға шақырады

Үстіміздегі жылы 4 мамыр күні биылғы көктемнің ең басты музыкалық іс-шарасы – Сәтбаев Университетінің рок-фестивалы өтеді.

Фестивальда 7 музыкалық топ пен шақырылған қонақтар өнер көрсетеді. Сіздер барлық заманның әйгілі рок әндерін тамашалайсыздар. Ғажайып атмосфера мен ең тартымды музыка 3 мыңнан астам адамды қызықтырып, назарын өзіне тартады.

Фестивальды Сәтбаев Университеті мен House of Music музыкалық мектебі бірлесіп ұйымдастырды, ол университет алдындағы алаңда ашық аспан астында өтеді. Ал фуд-корт, жан-жақтан жарқыраған жарық пен жоғары сапалы жанды дауыс сіздерге көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты эмоция сыйлайды.

Сонымен, 4 мамыр, сәрсенбі күні сағат 17:00-де Сәтбаев Университетінің Байтұрсынов көшесі бойындағы алаңында өтетін Rock Fest фестиваліне шақырамыз. Сүйікті хит әндеріңізді тыңдап, би билеп, қызықты тамашалаңыздар. Кіру тегін.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту