Ақпарат:

15 маусым 2023 4418

Сәтбаев Университеті Абай облысындағы өрттен қазаға тапқандар отбасына 5 грант тағайындады

Сәтбаев Университеті Абай облысындағы өрттен қазаға тапқандар отбасына 5 грант тағайындады

Сәтбаев Университеті Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 5 грант беретіні туралы жариялады. Қаза тапқан орманшылардың балалары инженерия, сәулет, дизайн, жобаларды басқару салалары бойынша тегін білім ала алады.

Анықтама алу үшін және грантқа өтінім беру үшін Сәтбаев Университеті әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі Ибрагимова Жанат Талғатқызына 8 (727) 320-40-75 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Еске салайық, Абай облысында орман өртінен қаза тапқандарға қайғыру белгісі ретінде 12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын. Абай облысына қарасты Батпаев орман шаруашылығының аумағындағы өрт 8 маусым күні басталып, соның салдарынан 15 адам қаза тапты. Өртті сөндіру жалғасуда. Табиғи өртті сөндіру орнында жылжымалы басқару пункті орналастырылып, Төтенше жағдайлар министрінің байланыс орталығы ұйымдастырылған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Сәтбаев Университетінің ұжымы өрт кезінде қаза болған жандардың туған-туыстары мен зардап шеккендердің барлығына қайғырып көңіл айтады. Біз біргеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту