Сәтбаев Университеті AGT Global компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтуде
Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен AGT Global компаниясының басшысы Гүлнар Абдрахманова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен жұмыс жоғары технологиялар (химиялық инженерия, робототехника, геология және тау-кен металлургиясы) саласындағы ортақ зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ ғылыми-практикалық жобалар мен студенттерді жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталады. Меморандум аясында екі жақ тараптар бірлесіп зерттеулер жүргізеді, ал университет студенттері компания платформасында жоғары технологиялардың OPEN SPACE инновациялық байқауына қатысады.
Бірлескен жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – жаңа ғылыми-зерттеу жобаларын коммерцияландыру арқылы жүзеге асыру, сондай-ақ компанияның мүмкіндіктерін университет зертханаларының жабдықтарында пайдалану болады.
Компанияның зерттеулері мен жаңа технологияларды жасау үшін университеттің зертханалық жабдықтарын пайдалану ғылыми жобаларды коммерцияландырудың, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтар үшін технологиялар жасайтын жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған инновациялық зерттеулерді ұйымдастырудың бірегей жаңа тәсілі болып табылады. Алдағы уақытта екі жақ тараптар инвесторлардың сұранысы бойынша бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді әзірлемек.
Кездесуде сөйлеген сөзінде Мейрам Бегентаев мұндай ынтымақтастық қарым-қатынас жаһандық мақсаттарға сәтті түрде қол жеткізудің, екі компания үшін де тұрақты даму мен өзгерістерге жағдай жасаудың негізгі факторы бола алатынын атап өтті.