15 қыркүйек 2022 2779

Сәтбаев Университеті академик Мейірбек Молдабековты мерейтойымен құттықтайды!

Сәтбаев Университеті академик Мейірбек Молдабековты мерейтойымен құттықтайды!

Сәтбаев Университетінің ректоры ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан механика және машинатану саласындағы кеңестік және қазақстандық белгілі ғалым, Қазақстан ғарыш ғылымының негізін қалаушылардың бірі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Мейірбек Молдабековты мерейлі жасқа толуымен құттықтап, министрдің атынан құттықтау хат табыс етті. Құттықтау рәсімі профессор Мейірбек Молдабековтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті.

Satbayev University поздравляет академика Мейрбека Молдабекова

Аталмыш конференцияға механика, робототехника, сондай-ақ ғарыштық техника мен технологиялар саласындағы сарапшылар жиналды. Конференцияда Рим университетінен шақырылған профессор Тор Вергата Марко Чеккарелли, Қытайдың Қазақстандағы ғылым және технологиялар жөніндегі консулы Чжан Вэй, Механика және машинатану институтының бас директоры Амандық Төлешов, сондай-ақ «НИИЭТФ» институтының президенті Марат Нұрғожин пленарлық баяндама жасап, сөз сөйледі.

Саналы ғұмырын инженерлік ғылымды зерттеуге арнаған академик Мейірбек Молдабековтің ғылыми жетістіктерін дәріптейтін ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналып барады.

Мейірбек Молдабеков – көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері, тәжірибелі басшы және музыкант. Оның жетістіктерінің қатарында автоматты басқару жүйелері мен механизмдер және машиналар теориясы бойынша құрылған ғылыми мектепті; Жерді қашықтықтан зондтау, байланыс жасау және хабар тарату жөніндегі «Kazsat-2» және «Kazsat-3» ғарыштық жүйелерін құруға қатысқанын; Қазақстан Республикасының жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйелерін; «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін ерекше атап өтуге болады.

Мейірбек Молдабеков 230-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 4 оқу құралының, КСРО-ның 9 авторлық куәлігінің және Қазақстан Республикасының 5 авторлық куәлігінің авторы. Қазақ эстрадасында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптар ансамблінің негізін қалаушылардың бірі.

Мейірбек Молдабекұлы! Сәтбаев Университетінің ұжымы Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, ғылымға, ғарышқа, өнер саласына сіңірген ерен еңбектеріңіз үшін Сізге мол алғыс білдіреді. Аңсаған армандарыңыз бен алға қойған жоспарларыңыз үнемі орындала берсін! Туған күніңіз құтты болсын!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту