8 желтоқсан 2022 3794

Сәтбаев Университеті академик Нариман Қожаспаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдіреді

Сәтбаев Университеті академик Нариман Қожаспаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдіреді

Нариман Кожаспаевич Кожаспаев

8 желтоқсан күні қазақстандық белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының электротехника саласындағы тұңғыш техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық инженерлік академияның академигі Нариман Қожаспайұлы Қожаспаев дүниеден өтті.

Сәтбаев Университеті ғалымның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстанда информатика саласының даму тарихы бірқатар әйгілі есімдермен тығыз байланысты, солардың бірі – Нариман Қожаспаев. Академик Баян Рақышевпен бірге ол Сәтбаев Университетінде өндірісті автоматтандырумен айналысатын мамандарды даярлаудың алдыңғы шебінде болды. 1962 жылы мұнда Автоматика және есептеуіш техника факультеті ашылған болатын. Факультет республикадағы өзгерістердің қуатты орталығына айналды, ал Нариман Қожаспаев 1975–1978 жылдары сол факультеттің деканы қызметін атқарды. Декан болып тағайындалғанға дейін ол ұзақ жылдар бойы осы факультет деканының орынбасары қызметін атқарған еді.

Дегенмен, электротехника саласы Нариман Қожаспайұлының негізгі мамандығы болып қала берді, осы мамандыққа деген махаббаты күннен-күнге арта түсті. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің, оқу құралдары мен оқулықтардың, өнертабыстардың, әдістемелік құралдардың авторы атанды, көптеген ғылыми жобаларға қатысты. Мысалы, 2010 жылы оның суды озон технологиясын қолдану арқылы тазарту туралы жобасы Алматы қаласының сол кездегі әкімі Ахметжан Есімовтің дипломымен марапатталды.

Ғылымдағы ерен еңбегі үшін Н. Қожаспаев «Еңбек ардагері», «Айрықша еңбегі үшін», «Құрметті байланысшы» медальдарымен, Халықаралық электротехникалық ғылымдар академиясының күміс медалімен марапатталып, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иегері атанды.

Әйгілі Политех ұжымы Нариман Қожаспаевтың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді. Ғалымның жарқын бейнесі әріптестерінің есінде мәңгі сақталады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту