Ақпарат:

12 наурыз 2025 1327

Сәтбаев университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытайдан студенттер қабылдады

Сәтбаев университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытайдан студенттер қабылдады

Сәтбаев университеті халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруда: Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтынан (Қытай) 18 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға келді. Үш ай бойы олар инженерлік пәндерді оқып, заманауи технологияларды меңгереді және қазақ құрдастарымен өзара білім алмасады.

«Біз қытайлық әріптестеріміз бен студенттерді қуанышпен қарсы аламыз! – деп атап өтті Сәтбаев университеті Көлік инженериясы және логистика мектебінің өкілдері. – Біздің университет әрқашан өзара сыйластық пен жемісті идеялар алмасу үшін тиімді жағдай жасауға ұмтылады, ал бұл халықаралық тәжірибе техникалық білім беру саласында өсуімізге және дамуымызға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз».

Студенттермен бірге университетке 4 оқытушы тәжірибе алмасу мақсатында келді. Бірлескен ғылыми жобалар қазірдің өзінде жоспарланып қойған – жұмыс өте нәтижелі болмақ. Қазіргі таңда Сәтбаев университетінің 9 студенті «2+2» қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Қытайда білім алуда, енді сол бағдарлама бойынша тағы да 8 студентті Қытайға оқуға жіберу жоспарланып отыр. Бұл университеттер арасындағы серіктестікті дамытудағы тағы бір маңызды қадам.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады, оларға құнды тәжірибе жинақтап, ой-өрістерін кеңейтуге көмектеседі. Біз бағдарламаға қатысатын барлық студенттерге оқуда сәттілік, табысты талқылаулар мен шабыт берер жаңалықтар тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту