4 тамыз 2023 2878

Сәтбаев Университеті Александр Литвиновтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдіреді

Сәтбаев Университеті Александр Литвиновтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдіреді

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов кеше өмірден өткені туралы қайғыра хабарлаймыз. Сәтбаев Университетінің ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Ансамбль барабаншысы Александр Литвинов талантты музыкант, жарқын тұлға ретінде елімізге танымал болды. Сәтбаев Университетінің (ол кездегі Қазақ политехникалық институты) 1970 жылғы түлегі болған музыкант Қазақстанда ғана емес, шетелдерге де танымал «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі. Ол ансамбльдің құрамында аз ғана уақыт болса да, аты аңызға айналған топтың жаңғыруында, оның тарихында қайталанбас із қалдырды.

Қазақстан мәдениеті тарихында өшпес із қалдырған осынау дарынды тұлғаның өмірден өткені Сәтбаев Университеті үшін өте қайғылы жағдай. Оның шығармашылығы музыка әлемінде өзіндік орын алып, талай ұрпақты қуанта берері сөзсіз, ал таланты мен ұлттық музыка мәдениетін дамытуға қосқан үлесін біз ешқашан ұмытпаймыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту