Ақпарат:

26 мамыр 2022 64339

Сәтбаев Университеті әлемдік Times Higher Education рейтингтегі қазақстандық үштік жоғары оқу орындары қатарына кірді

Сәтбаев Университеті әлемдік Times Higher Education рейтингтегі қазақстандық үштік жоғары оқу орындары қатарына кірді

Политех осы әлемдік рейтингте Қазақстанның жалғыз техникалық жоғары оқу орны болып отыр.

Биылғы жылы Сәтбаев Университеті әлемдік World University Rankings-2022 рейтингке кірді. Беделі жоғары бұл рейтингке Политехтан басқа  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, одан кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еніп отыр. Сәтбаев Университеті әлемдік рейтингте 1201+ орын алды.

Осылайша Қазақстанда Times Higher Education беделді әлемдік университеттер рейтингіне енген университеттер саны артып отыр. Ал 2019 жылы бұл тізімге отандық екі университет ғана кірген болатын: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Университеттер оқыту, зерттеу, білім беру және интернационалдандыру көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Қазақстандық тағы 10 университет Times Higher Education Impact Rankings-2022 әлемдік рейтингіне енді. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нархоз университеті, Almaty Management University (Алмау), Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Сүлеймен Демирел атындағы университет бар. 2019 жылы бұл рейтингке отандық екі университет ғана кірген болатын. Олар: Еуразия ұлттық университеті және Алмау.

Рейтинг сапалы білім, инклюзия бағыты бойынша жұмыс, тұрақты инфрақұрылымды құру, гендерлік теңдік, қауіпсіз өмір сүру ортасы және т.б. критерийлер бойынша жасалған.

Times Higher Education Impact Rankings рейтингі университеттерді Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес бағалайды. ЖОО бағалау рейтингі 4 көрсеткіш бойынша жүргізіледі: өзекті бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу, ТМД негізгі факторларын басқару, университеттің аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі рөлі, студенттерді тұрақты даму мақсаттарына сай тәрбиелеу.

Қазақстанда жоғары білім беру сапасының артып отырғаны шетелдік эксперттерге бірден белгілі. Осыған дейін QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings әлемдік рейтингіне кірген болатын. Енді, міне, 10 қазақстандық жоғары оқу орны әлемдік Times Higher Education Impact Rankings-2022 тізіміне еніп отыр. Бұл дегеніміз – аталмыш отандық университеттер дүние жүзінің ең беделді жоғары оқу орындарымен бәсекеге түсіп, әлемдік стандарттар мен заманауи талаптарға сай жоғары білім береді деген сөз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту