Ақпарат:

9 қыркүйек 2024 2029

Сәтбаев Университеті әлемдік ЖОО-мен серіктестікті кеңейтуде

Сәтбаев Университеті әлемдік ЖОО-мен серіктестікті кеңейтуде

Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев: Қазақстан ғалымдары қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуға дайын

Қазақстандық ғалымдар еліміздің және бүкіл әлемнің тұрақты болашағын қамтамасыз ететін жаһандық мәселелерді шешуге елеулі үлес қоса алатынына мен сенімдімін. Сондықтан да бүгін біз күрделі трансформация мен бейімделу кезеңін бастан өткеріп отырмыз: ғылыми инфрақұрылымды жаңартып, университет базасында ғалымдар мен зерттеушілерден құралған көпұлтты ғылыми команда құруға жағдай жасаудамыз, олар жергілікті және жаһандық деңгейдегі проблемаларды шешуге жұмыс істейтін болады. Онымен қоса, біздің ғалымдарымыз сала жетекшілерімен белсенді жұмыс істей отырып, өндіріс мәселелерінің ғылыми негізделген шешімдерін әзірлеп, оларды өнімділікті арттыру үшін ұсынады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаһанданудың сын-қатерлеріне бірлесе қарсы тұрып, академиялық саясатымыз бен ғылыми зерттеулерімізді елдің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үндестіру мақсатында қазақстандық ғалымдардың экономиканың нақты секторымен бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз Сәтбаев Университетінің базасында инженерлік білім мен ғылымның жаңа технологиялары бойынша ғылыми-зерттеу орталығын (хаб) құрудамыз. Ол модернизацияның басым бағыттары мен экономиканы технологиялық тұрғыда дамытуды іске асыру үшін бизнестің, ғылым мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан ғалымдары басты мақсатқа – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға қол жеткізуге үлес қосуға дайын. Ол үшін біздің барлық ғылыми жобаларымыз, әрбір қадамымыз, әрбір шешіміміз мемлекетке әкелетін пайдаға негізделуі керек. Біз тек өзіміздің артықшылықтарымыз бен дамыған елдердің инфрақұрылымына қол жеткізуді толық пайдалана отырып, жаһандық ғылыми қозғалыстың бір бөлігіне айналуымыз керек, отандық ғылымның табысты дамуы үшін, экономикамыздың өзекті мәселелерін шешу үшін және бүкіл қазақ қоғамының әл-ауқатын жақсарту үшін мұның маңызы өте зор.

 

Интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық – Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың бірден-бір шынайы жолы болып табылады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен біз Орталық Азия аймағында жоғары білім берудің бірыңғай кеңістігін құру бойынша жұмыс істеп отырмыз: Сәтбаев Университетінде жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашып, ғалымдарымызды дүние жүзінің жетекші ғылыми орталықтарына жібереміз, студенттермен өзара алмасу жөніндегі әртүрлі бағдарламаларға қатысамыз және өзіміздің білім беру бағдарламаларымызды әлемнің беделді рейтингтік агенттіктерінде аккредитация жасаймыз.

Біз халықаралық серіктестер шеңберін кеңейтудеміз, қазір олардың қатарына QS рейтингінде алғашқы 100- діктен орын алатын төрт университет қосылды, олар: Гонконг қалалық университеті (Гонконг, Қытай), Пенсильвания мемлекеттік университеті (АҚШ), Сунгкюнкван университеті (Оңтүстік Корея) және Хоф қолданбалы ғылымдар университеті (Германия). Бүгінгі таңда бұларда біздің 24 студентіміз бен қызметкерлеріміз білім алуда немесе ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ал енді осы аталған университеттер филиалдарының Алматыда ашылуы кәсіби мамандар даярлаудың сапасын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, ғылыми-зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.

Біз Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтымен (ҚХР) «Локомотивтер» және «Логистика» мамандықтары бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасын іске қостық, онда қазір біздің 10 студентіміз білім алуда, сәйкесінше олардың 10 студенті бізде білім алуда. Бұл Қазақстанға «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясында сенімді логистикалық орталыққа айналуға көмектеседі. Жалпы, университет 187 шетелдік университеттермен және ғылыми институттармен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Ғылым мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға стратегиялық көзқарастың арқасында Сәтбаев Университеті әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды студенттерді, ғалымдар мен зерттеушілерді өз қатарына тартуда. Университет ғылыми қызметті белсенді түрде дамытып қана қоймай, жаһандық мәселелерді шешуге, Қазақстанның және бүкіл әлемнің тұрақты болашағын қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Мысалы, жақында Кореяда біздің Металлургия және байыту институты Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институтымен жоғары температуралы/реактивті өте сирек кездесетін металдар мен жоғары сапалы өнеркәсіп өнімінің технологиясы бойынша ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы келісімге қол қойды. Біздің серіктестер осы жобаға 5 жыл ішінде 10 миллион доллардан астам инвестиция құйып, өздерінің соңғы технологияларын қолданады, бұл құнды металл кендерін өңдеу тереңдігін арттырып, жоғары технологиялық өнімдерді өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жоғары білім мен ғылымды интернационалдандыру – Сәтбаев Университетінің басым бағыттары болып саналады, бұл университеттің әлемдік ғылыми және білім кеңістігіне бірігуіне ықпал етеді. Университет стратегиялық серіктестікті дамытуды, академиялық ұтқырлықты арттыруды, халықаралық ғылыми жобаларды кеңейтуді және әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды студенттер мен оқытушыларды өз қатарына тартуды жалғастыруда. Бұл бастамалар Сәтбаев Университетінде тиімді халықаралық ғылыми және білім беру ортасын қалыптастыруға, сөйтіп бізді әлемдік білім беру және ғылыми процестердің маңызды қатысушысына айналдыруға көмектеседі.

«Казправда» сайтында жарияланған

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту