15 наурыз 2022 3320

Сәтбаев Университеті Алматы қаласының оқушыларын қалалық ашық геологиялық олимпиадаға шақырады

Сәтбаев Университеті Алматы қаласының оқушыларын қалалық ашық  геологиялық олимпиадаға шақырады

Олимпиада 2022 жылы 8 сәуір күні Сәтбаев Университетінде өтеді, университет барлық қатысушылар мен жанкүйерлерді Қазақстан геологиясымен және минералдық байлығы әлемімен таныстырады. Ал қатысушылар пайдалы қазбаларға қатысты күрделі сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, туған елдің табиғатымен етене жақындасып, оны сезіне алады.

Satbayev University приглашает школьников Алматы на городскую открытую геологическую олимпиаду Satbayev University приглашает школьников Алматы на городскую открытую геологическую олимпиаду

Satbayev University приглашает школьников Алматы на городскую открытую геологическую олимпиаду Satbayev University приглашает школьников Алматы на городскую открытую геологическую олимпиаду

Олимпиада аясында қатысушылар жастарына қарай бөлініп, команда болып жұмыс істейді, сөйтіп жарыс әртүрлі жастағы командалар арасында өтеді. Олимпиадаға Алматы қаласының командалары қатыса алады. Әр топты өзінің командалық жетекшісі, яғни мұғалім басқаруы керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сертификаттар мен бағалы сыйлықтар алады, ал 11-сынып оқушылары арасындағы олимпиада жеңімпаздарына Сәтбаев Университеті ректорының білім беру гранты мына бағдарламалар бойынша табыс етіледі:

  • «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» – 1 грант.
  • «Мұнай және кен геофизикасы» – 1 грант.
  • «Гидрогеология және инженерлік геология» – 1 грант.

Егер де Сәтбаев Университеті ректорының грантына ие болған жеңімпаздар ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік грантына ие болса, онда ректордың гранты осы олимпиаданың қорытындысы бойынша кейінгі орындар (4, 5 және т.б.) алған мектеп оқушыларына беріледі.

Олимпиадаға қатысуға тіркелу үшін және басқа да сұрақтар бойынша Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасының меңгерушісі Бекботаева Алма Анарбекқызына мына электрондық мекенжай арқылы хабарласу керек: a.bekbotayeva@satbayev.university.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту