24 қараша 2020 3834

Сәтбаев Университеті «Әркім бағдарламалау жасай алады» атты дәрістерге шақырады

Сәтбаев Университеті «Әркім бағдарламалау жасай алады» атты дәрістерге шақырады

Үстіміздегі жылы 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар және осы мамандықты ұнататын көпшілікке арналған «Әркім бағдарлама жасай алады» атты ашық дәрістер тобы өтеді. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры, iTeacher Academy, Сәтбаев Университеті және басқа да ұйымдар ұйымдастырды.

Бағдарламашы мамандығы – әлемдегі ең көп сұранысқа ие болатын он мамандықтың бірі және соңғы екі онжылдықта алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан мамандық. Бір кездері бағдарламалау ісі ең тәжірибелі және білікті мамандардың жұмысы деп саналушы еді. Бүгінде бұған барлығы да қол жеткізе алады. Ұйымдастырушылар әртүрлі жастағы және бағдарламалау дағдыларының әртүрлі деңгейіндегі тыңдаушыларға арнап дәрістер дайындады. Әрбір қатысушы бағдарламалаудың негіздері туралы және оның қазіргі әлемде ашатын мүмкіндіктері туралы көп мәлімет ​​алады.

Дәрістер онлайн форматында өтеді. Қатысу тегін. Іс-шараның басталуы – 30 қараша, сағ. 14:00.

Тіркелу мына сайтта: https://www.codeweek.kz/

 

Дәрістер кестесі: 

цикл лекций  «Каждый может программировать»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту