10 ақпан 2021 2322

Сәтбаев Университеті BI-тобынан алғыс алады

Сәтбаев Университеті BI-тобынан алғыс алады

2021 жылдың қаңтар айында Сәтпаев университетіне ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық үшін BI Group корпоративтік университетінің директоры Баспаева Ольга Вадимовна атынан алғыс хат келді. BI Group 2018 жылдан бері Сәтбаев Университетінің корпоративтік секторының ірі клиенттерінің бірі болып келеді. Университетпен ынтымақтастық барысында BI Group-тың 360-тан астам қызметкерлері Құрылыс мамандығы, құрылыс инженері білім беру бағдарламасы бойынша табысты оқутудан өтті.

BI Group адам ресурстарын дамытуға мүмкіндігінше көп қаражат бөлетіндігіне байланысты, Университет Компания студенттері үшін жұмыс орнында тиімді оқытуды қамтамасыз ететін жеке оқу жоспарын жасады.

Студенттерге өндірістік тәжірибесі мол профессор-практиктер сабақ береді. Оқыту шеңберінде студенттер жедел дамып келе жатқан құрылыс салаларында, девелопмент пен инжениринг бағыттарында жұмыс істеуге қажетті құзыреттіліктерге ие болып, кәсіби дағдыларын кеңейтеді.

Сәтбаев университетінің түлектері BІ Group компаниясының алдына қойған мақсаттары мен стратегияларын жүзеге асыра алатын, жоғары талапқа сай, өзекті білім алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту