8 қазан 2022 3050

Сәтбаев Университеті бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдады!

Сәтбаев Университеті бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдады!

Соңғы үш жылда алғаш рет Сәтбаев Университетінде бірінші курс студенттеріне арналған кеш өтті.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен ауқымды іс-шарада біздің студенттер жаңа өмірге алғашқы қадам жасауға салтанатты түрде мүмкіндік алды.

Іс-шара өмірден өткен достарды, әріптестерді, ғалымдарды және Covid-19 құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. Біздің достарымыз, әріптестеріміз, ғалымдарымыз алдыңғы қиын кезеңге тап болды; университет ұжымы барлығын еске алып, әрқайсысына қашан да алғыс білдіріп, құрмет көрсетеді. 

Сәтбаев Университеті бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдады!

Сәтбаев Университеті бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдады!

Университеттің бұрынғы ректоры Досым Сүлеев пен Ақсақалдар алқасының төрағасы Ұлықпан Сыдықовтың бірінші курс студенттеріне студенттік билет пен білім кілтін тапсырып болғаннан кейін кеш салтанатты концертке ұласты.

Университет қабырғасында құрылған вокалды-аспаптық ансамбль өзінің құттықтау бағдарламасын әйгілі «Той жыры» әнімен бастап, «Make Sweet dreams» және «Feeling good» әндерімен жалғастырды. Ансамбльге хореографиялық ансамбль, КВН командасы, камералық хор, домбырашылар ансамблі және қазақ эстрадасының арнайы шақырылған жұлдыздары қосылды.

Салтанатты кештің маңызды бөлігі – 90 жылға жуық уақыт ішінде 100 мыңнан астам инженер мамандарын даярлаған Қазақстандағы ең көне техникалық университеттің ардагерлерімен, әсіресе аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшелерімен бірінші курс студенттерінің тілдесу сәті болды. Олар студенттерді құттықтаумен қатар Политехтің атақты түлектері туралы әңгімелеп, жас студенттерге жаңа өмір жолында табысты болуға және «Дос-Мұқасан» мүшелері секілді Политехтің даңқын асқақтата беруге тілектестік білдірді.

Бірінші курс студенттері салтанатты жиында алдыңғы аға буын инженерлердің жоғары стандарттарына сай болуға ант етіп, Әбдіғаппар Әшімов, Баян Рақышев және Жексенбек Әділов сынды ардагер ұстаздардан бата-тілек алды.

Сәтбаев Университетінің ұжымы барлық құттықтауларға қосылып, бірінші курс студенттеріне сәттілік тілейді! Make you sweet dreams come true and feel good!

Сәтбаев Университеті бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдады!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту