Ақпарат:

7 наурыз 2025 834

Сәтбаев университеті бизнес-мектебінің директоры Ақеркін Ералиева баспасөз конференциясына қатысты

Сәтбаев университеті бизнес-мектебінің директоры Ақеркін Ералиева баспасөз конференциясына қатысты

Women in Business қоғамдық ұйымының алаңында баспасөз мәслихаты өтіп, оған бизнес, білім, спорт, құқық қорғау, қаржы, IT, логистика салаларындағы әйелдер қатысты. Сәтбаев университеті бизнес-мектебінің жетекшісі Ақеркін Ералиева баспасөз мәслихатына қатысып, Алматы қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігінің рөлі туралы айтты.

– Мен көріп отырған басты үрдіс – әйелдердің инновациялар мен технологиялық бизнеске деген ұмтылысы», – деді ол. – Әйелдер IT-технологиялар, экотехнологиялар, финтех және әлеуметтік кәсіпкерлік сияқты жаңа бағыттарды белсенді түрде меңгеріп келеді.

Оның айтуынша, қазіргі іскер әйелдер өз қабілеттеріне әлдеқайда сенімді болып, көшбасшылық қасиеттерін дамытып, қаржы мен менеджмент саласындағы білімдерін кеңейтуде. Өз компанияларының процестерін автоматтандыру үшін, олар цифрлық технологияларды көбірек пайдаланады, бұл компаниялардың икемді, әрі бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі.

– Әйелдер бизнесін дамытуда мемлекет пен қаланың қолдауы маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті спикер. – Еліміздің ең ірі экономикалық орталығы болып саналатын Алматы қаласында кәсіпкер әйелдер мемлекеттік бағдарламаларға, жеңілдікті несиелендіруге қол жеткізе алады, сонымен қатар Women in Business алаңы сияқты білім беру бастамалары арқылы өз бизнесін нығайта алады.

Сондай-ақ технологиялық бизнеске қажетті кадрлар даярлауда Сәтбаев университеті маңызды рөл атқаратынын Ақеркін Ералиева атап өтті. Университетте бизнесті басқару бойынша білім алуға, сондай-ақ техникалық мамандықтарды меңгеруге болады, атап айтқанда, осы мақсатта IT және жылу технологиялары бағыттары бойынша бизнес-платформалар әзірленуде.

Осындай бастамалардың арқасында Қазақстанда әйелдер бизнесі одан әрі дамып, ел экономикасында көрнекті орын алуда.

Сәтбаев университеті бизнес-мектебінің директоры Ақеркін Ералиева баспасөз конференциясына қатысты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту