Ақпарат:

4 тамыз 2023 3405

Сәтбаев Университеті БҰҰ ЖК-не кірді

Сәтбаев Университеті БҰҰ ЖК-не кірді

2023 жылғы 21 шілде күні Сәтбаев Университеті БҰҰ ЖК-не (ГДООН) кірді.

БҰҰ Жаһандық келісімі – әлемдегі ең ірі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бастамасы болып табылады, ол адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласы бойынша он қағидатты дәріптейді.

Бүгінгі таңда БҰҰ Жаһандық келісіміне әлемнің 160-тан астам елінен 10 500-ден астам компания мен 3 000 коммерциялық емес қол қоюшылар қатысады, олардың арасында БҰҰ ЖК-ге Қазақстаннан мүше болған алғашқы университет – Сәтбаев Университеті бар.

Сәтбаев Университетінің БҰҰ ЖК-не кіруі бүкіл қоғамның сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сенімді және ашық қарым-қатынастарды қалыптастырады, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде білім мен тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл бағдарламаның маңызды бөлігі – жастар мен жас мамандарға Жер және экология ғылымдары саласы бойынша терең білім беру және олардың осы сала бойынша хабардарлығын арттыруда сараптамалық қолдау көрсету болып табылады.

БҰҰ мен Сәтбаев Университетінің бірлесіп жүргізген жұмыстары Қазақстанның және бүкіл Орта Азияның экономикалық және цифрлық дамуына елеулі үлес қосады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту