21 шілде 2020 6205

Сәтбаев университеті докторантураға 100-ден астам грант ұсынады

Сәтбаев университеті докторантураға 100-ден астам грант ұсынады

Сәтбаев университеті сізге ерекше мүмкіндік – докторантурада тегін оқуды ұсынады! Ай сайын шәкіртақы алып тұру мүмкіндігі бар грантқа оқуға түсіңіз. Тіркелуге және құжаттарды тапсыруға 10  күннен аз уақыт қалды.

Бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда да PhD докторларына деген сұраныс артып келеді. PhD дәрежесіне ие болу сіздің беделіңізді арттырып, жаңа деңгейге көтереді. Үш жылдық оқу кезінде сізді қызықты ғылыми-зерттеу жұмыстары, шетелдік тағылымдама, халықаралық конференциялар, университеттің ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігі күтіп тұр.

Зерттеу барысында алынған құнды идеяларыңыз бен әзірлемелеріңізді халықаралық конференцияларға ұсынуға және әлемдік ғылыми журналдарда жариялауға болады , сондай-ақ  сіз академиялық қауымдастықта өз орныңызды тауып, жобаңызға салу үшін инвестиция табуға сенімді боласыз.

Сәтбаев университетінің докторантурасы  – бұл:

  1. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттігінің Ұлттық рейтингіне сәйкес (IQAA-Ranking 2020) Қазақстан Республикасындағы №1 техникалық университет.
  2. Әлемдік беделді QS World University Rankings рейтингісі бойынша 600 үздік университеттердің қатарына кіреді.
  3. Web of Science халықаралық ақпараттық-аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес «Ғылыми жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша «Ғылым көшбасшысы-2019» атанды.
  4. Беделді шетелдік университеттерде және әлемдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Оқу бағдарламасының ерекшелігі – екі ғылыми жетекші беріледі (біреуі шетелдік университеттен). «Шақыртылған профессор» бағдарламасы бойынша жыл сайын әртүрлі елдерден (Германия, Франция, АҚШ, Ресей, Англия және т.б.) ғалымдар мен профессорлар келіп, 4 апта бойы дәрістер, семинарлар, ғылыми іс-шаралар өткізеді.
  5. Университеттің материалдық-техникалық базасы өте әсерлі. Бірқатар ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді, соның ішінде FabLab халықаралық өндірістік зертханасы. Ол машина жасау, электроника, жасыл энергетика, қосымша технологиялар, робототехника, сонымен қатар инженерлік орталық пен механикалық жөндеу шеберханасы үшін тапсырыс қабылдайды.

Оқуға түсу үшін қойылатын негізгі талаптарға назар аударыңыздар

  • Ағылшын тілін білетіні жөніндегі халықаралық сертификат:
    • TOEFL ITP – кем дегенде 460 балл;
    • TOEFL IBT шектік балл – кем дегенде 46 балл;
    • TOEFL PBT шектік балл – кем дегенде 453;
    • IELTS (Academic) шектік балл – кем дегенде 5.5.;
    • Duolingo English Test шектік балл – кем дегенде 85;
    • CEFR (Common European Framework of Reference) шектік балл – В2;
  • Ғылыми-педагогикалық бағыттағы «магистр» академиялық дәрежесі;
  • Бейінді бағыт бойынша кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі болу керек.

Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға болады:

  • Университет ректорының атына жазылған өтініш (еркін түрде);
  • Білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсырған кезде);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша немесе жұмыс орнынан еңбек  қызметін растайтын басқа құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  • 086-У  нысанындағы медициналық анықтама;
  • Шет тілін жалпы еуропалық құзыреттерге  (стандарттарға) сай білетінін  дәлелдейтін халықаралық сертификат;
  • Соңғы 3 күнтізбелік жылда жарық көрген ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспарлары, эссе және басқа да құжаттар);
  • Қысқаша ғылыми жоба (Research Proposal);
  • Ғылыми жетекшінің диссертацияға жетекшілік жасауға жазбаша келісімі,жұмыс орнынан мөрмен расталған  (бар болғаны дұрыс);
  •  Мотивациялық хат (кем дегенде 250 сөз, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервалда).

Университеттегі бейінді пәндер бойынша қабылдау емтихандары – 4–20 тамыз аралығында өтеді.

Толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады:
+7 (700) 750 72 18,
+7 (705) 415 97 41,
phd@satbayev.university

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту