Сәтбаев университеті «Дос-Мұқасан» ансамблін Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген жетістігімен құттықтайды
Қазақтың аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына еніп, тамаша жетістікке ие болды. Ансамбль қазақтың музыка мәдениетін сақтап және насихаттай отырып, қазақ әндерін талай жылдар бойы кәсіби сахнада орындауға қосқан үлесі үшін осы құрметке бөленіп отыр.
«Дос-Мұқасан» ансамблі өз тарихында әлем елдерінде, атап айтқанда, Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде 5 мыңнан астам концерт қойып, өнер көрсетті. Сахнада олар Мұрат Құсайынов пен Досым Сүлеевтің және басқа да танымал авторлардың сүйікті әндерін түпнұсқада орындап, көпшілікпен бөлісті, десек те олардың репертуарындағы қазақтың халық әндері мен XVIII–XX ғасырлардағы ұлы композиторлардың шығармаларын заманауи нақышта орындалуына ерекше көңіл бөлінді.
– Біз қазақ мәдениетінің байлығын күллі әлемге таныта отырып, туған қазақ тіліміз бен музыкамызды насихаттадық», – деп бөлісті Мұрат Құсайынов.
Ұжымның басты жетістігі – әндерді өз ана тілінде, ұлы Абайдың тілінде орындап, халыққа насихаттау. Ансамбль өз елінің өнерін шетелдік көрермендерге қолжетімді етіп қана қоймай, қазақ мәдениеті мен тілінің бүкіл әлемге танылуына үлес қосты. Ансамбльдің жетістігі – олардың музыкалық дарынын мойындау ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасын әлемдік аренада насихаттаудағы маңызды қадам болып табылады.