Ақпарат:

28 наурыз 2025 852

Сәтбаев университеті эко-сағат өткізе отырып, тұрақты болашаққа қадам басуда

Сәтбаев университеті эко-сағат өткізе отырып, тұрақты болашаққа қадам басуда

Сәтбаев университетінде жаңа бастама – тұрақты дамуға, экожүйені сақтауға және климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған эко-сағат өтті. Жиынға қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көміртегі іздерін азайту және биоәртүрлілікті сақтау мәселелерін қарастырды. Іс-шараға университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері жиналып, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану жөнінде талқылады.

Экологиялық сағат – Сәтбаев Университетінің тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Университетте Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында бірінші болып университеттік Тұрақты даму орталығы құрылды. Университет экологиялық бастамаларға қолдау көрсетеді, қоршаған ортаны қолдаудың инновациялық технологияларын әзірлейді және осы жайында тәрбие жұмысын жүргізеді. Бірнеше жылдан бері студенттік қалашықта тұрмыстық қалдықтарды, қағазды және пластмасса қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы орындар ашылып, ауыз су бұрқақтарына сүзгілер орнатылған болатын.

Университетте студенттік экохаб ашылды – яғни студенттер пластик қалдықтарын жинап, оларды қайта өңдеп, орындықтар, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар жасайтын инновациялық өндіріс орны. Оларды қайта өңдеуге арналған энергия велотренажерлар арқылы өндіріледі, бұл университеттің экологиялық таза технологияларды қолдануға ұмтылған ұстанымын көрсетеді.

2025 жылдың наурыз айында Сәтбаев университеті жатақхана аумағын көгалдандыру бойынша экологиялық акция ұйымдастырған болатын. Онда студенттер Қазақстан Президентінің еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, ректор Мейрам Бегентаевтың басшылығымен жаңа ағаштар отырғызды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту