Сәтбаев Университеті экономикалық және әлеуметтік пікірсайыс үшін өз алаңын ұсынды
15 мамыр күні Сәтбаев Университетінде «Жаһандық трансформациялар кезеңіндегі Үлкен Еуразиялық әріптестік» атты дөңгелек үстел өтті, ол Қазақстанның еуразиялық қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде ұлттық қауіпсіздігі мен дамуының өткір мәселелеріне арналды.
Осы аттас Халықаралық форум аясында өткен дөңгелек үстел Қазақстан, Ресей, Қытай секілді елдердің халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетекші сарапшыларының, қазақстандық жоғары оқу орындары өкілдерінің, ғалымдар мен дипломаттардың қатысуымен болған пікірталас алаңына айналды, қатысушылар Қазақстанның халықаралық қатынастардың жаһандық архитектура саласындағы рөлін және көпполярлы бейбітшілік үлгісін анықтауға баса назар аударды.
Қазақстан – Ұлы Жібек жолы арқылы өтіп, логистика жағынан дүние жүзіндегі екінші экономика ретінде Қытайды Еуропа елдерімен байланыстыратын елдердің бірі екені белгілі. Дегенмен, қатысушылардың басым бөлігі Қазақстанның географиялық орналасуын ғана емес, сонымен қатар өңірдің экономикалық өркендеуіне қажетті техникалық жетістіктерінің маңыздылығын да атап өтті.
Сәтбаев Университеті бұл бағытта көптеген маңызды қадамдар жасауда – оның базасында ақпараттық-техникалық орталық құрылуда, технопарк жұмыс істеуде, Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар – Сәтбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, ХАТУ, Shandong women`s university, «KazAlfaTech» зерттеу орталығы, Center for technology transfer of the SCO member states. Модераторы Саясат және құқық мектебінің Саяси зерттеулер орталығының директоры Даниал Саари болды.