Ақпарат:

2 шілде 2021 6253

Сәтбаев Университеті екпе салдырған студенттер мен қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер ұсынады

Сәтбаев Университеті екпе салдырған студенттер мен қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер ұсынады

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және Сәтбаев Университетін штаттық жұмыс режиміне ауыстыру мақсатында екпе салдырған қызметкерлер мен білім алушылардың санын арттыру үшін университетте көптеген іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Қазіргі таңда жоғары оқу орнының барлық қызметкерлері мен білім алушылары дерлік екпе алып, офлайн режимінде жұмыс істеуге және сабаққа жіберілді. Университеттің медициналық орталығы Алматы қаласының №4 емханасымен келісім-шарт жасасып, қызметкерлердің басым көпшілігі осы орталықта екпе салдырды.

Келесі қадам – биыл бакалавриатқа оқуға түскен студенттерді вакцинациялау және осы уақытқа дейін қашықтықтан білім алып, білім беріп отырған студенттер мен оқытушыларды вакцинациялау болып отыр. Оның үстіне вакцинациялау университетке бұрынғы қалыпты жағдайға қайтадан көшуге көмектеседі, сөйтіп оқытушылар мен студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деген де үміт мол. Оқытушылар университеттің әлеуметтік, ғылыми және спорттық инфрақұрылымдарына қайтадан қол жеткізе алады, ал студенттер қызықты шығармашылық, ғылыми және спорттық іс-шараларға (мейкатон, хакатон, турнир, концерттер және т. б.)  қатыса алады, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша елдегі басқа да жоғары оқу орындарына барып, шетелдерге шыға алады.

Екпе алуды қосымша ынталандыру мақсатында ЖОО бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастырып отыр.

Сәтбаев Университетінің 2021 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін екпе алған студенттері арасында келесідей сыйлықтар ұтысы ойнатылады:

  • Жеке стартап ашу үшін 5 млн теңгелік бір грант;
  • ЖОО жатақханаларында тұруға 20 орын;
  • еліміздегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалатын шығындарды толық өтеп беру құқығына ие болу;
  • Qoldau бизнесіне арналған цифрлық платформада кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша оқу курстары – 100.

Сонымен қатар екпе алған барлық студенттер онлайн режимінен офлайн режиміне ауысқан кезде қажет болса қайтадан тегін курстардан өтіп, 3 кредитті қайтадан тапсыруға мүмкіндік алады.  

2021 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін екпе алған қызметкерлер мен профессорлы-оқытушылар құрамына келесідей жеңілдіктер беріледі:

  • Екпе алған барлық профессорлар, оқытушылар мен қызметкерлер орташа жалақыларын сақтай отырып, жұмыстан 2 күнге босатылады;
  • ЖОО-ның жатақханаларында тұратын 10 қызметкерге 2021 жылдың соңына дейін жатақханада тұру ақысына 50% жеңілдік беріледі;
  • 100 қызметкер 5000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Сәтбаев Университеті өз қызметкерлері мен студенттерінің қауіпсіздігі мен амандығы үшін алаңдайды. Барлық басшылар екпе алды, енді өз қызметкерлерін екпе алуға шақырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту