Ақпарат:

23 қараша 2023 3378

Сәтбаев Университеті EOS компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда

Сәтбаев Университеті EOS компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда

Сәтбаев Университеті мен EOS компаниясы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімшарт аясында жұмыстың алдағы жоспарларын талқылау үшін, университетке EOS GmbH және Norm Holding компанияларының  өкілдері келді. Бұл шартқа ағымдағы жылдың қаңтар айында Германияның Мюнхен қаласында қол қойылған болатын. Маркус Глассер (EOS GmbH, Германия) және Араз Джейхун (Norm Holding, Түркия) мырза университет ректоры Мейрам Бегентаевпен кездесіп, университетке экскурсия жасады.

EOS GmbH компаниясы – металдар мен пластиктерді өнеркәсіптік 3D басып шығару мен қосымша өндіру саласы бойынша әлемдік көшбасшы. Оның 15 елде сату және қызмет көрсету кеңселері, 50 елде 75 сауда серіктестері, 68 елде орнатылған барлығы 3750 жүйесі бар. Компанияда бүкіл әлем бойынша 1300-ден астам адам жұмыс істейді, бас атқарушы директоры – Мари Лангер.

Қазіргі уақытта EOS Қазақстанда Ғылыми-инновациялық құзырет орталығын ашуды жоспарлап отыр, бұл технологиялар трансферімен айналысатын және қазақстандық инженерлерді EOS компаниясының технологияларымен жұмыс істеуге үйрететін орталық болмақ. Сондай-ақ орталық шеңберінде автомобиль, аэроғарыш, машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі және медицина салаларына арналған жоғары технологиялық құрамдас бөліктер өндірісі жолға қойылады. Ал Сәтбаев Университеті осы жобаның серіктесі болады.

Сонымен қатар компания Қазақстанда 3D принтерлерінде өнеркәсіптік өндірісте қолдануға болатын полимерлерді зерттеу бойынша қызметті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның әлеуеті болашақта Қазақстанда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаратын саланы құруға мүмкіндік береді.

Сәтбаев Университеті EOS компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда

Сәтбаев Университеті EOS компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту