Ақпарат:

9 тамыз 2021 6044

Сәтбаев университеті Еренғайып Шайхутдиновтың отбасы, достары мен әріптестеріне көңіл айтады

ЕРЕНГАИП МАЛИКОВИЧ ШАЙХУТДИНОВ

2021 жылдың 8 тамыз күні  89- жасқа қараған шағында  Кеңестік және қазақ ғалымы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, қоғамдық-саяси қайраткер, Қазақ ССР Ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, әлемге әйгілі аса дарынды ғалым, тамаша педагог және ұйымдастырушы, химия ғылымдарының докторы, профессор

ЕРЕНҒАЙЫП МӘЛІКҰЛЫ ШАЙХУТДИНОВ

өмірден озды.

 

Е. М. Шайхутдинов 1933 жылы 10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауылында жарық дүниеге келген. 1956 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу нәзік химиялық технология институтын бітіргеннен кейін Қарағанды синтетикалық каучук зауытында ауысым бастығы болып еңбек жолын бастады.

1958 жылы М.В. Ломоносов атындағы МНХТИ (МИТХТ) аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертациясын сәтті  қорғағаннан кейін 1963 жылы Е. М. Шайхутдинов жаңадан ұйымдастырылған жоғары молекулалық қосылыстар химия кафедрасына В.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне шақырылды,  сол оқу орнында 15 жыл жұмыс істеп, оқытушыдан кафедра меңгерушісі мен профессорға дейінгі қызметтік  сатыларынан өтіп, жоғары білікті мамандарды даярлауға және Қазақстандағы химия ғылымының дамуына орасан күш пен энергия жұмсады.

Терең іргелі білім мен эксперименттік дағдылар Е.М. Шайхутдиновқа полимерлер химиясы саласында іргелі зерттеулерді жүзеге асыруға, полимерлер туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосуға мүмкіндік берді. Еренғайып Мәлікұлының қолдауымен Қазақстанда макромолекулярлық химия және жас буынның дамуына үлесі зор болды десек бұл асыра айтқандық емес. Е.М. Шайхутдиновтың басшылығымен  40 ғылым кандидаты және 10 ғылым докторы, 5 PhD докторы дайындалды.

Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдиновтың іргелі зерттеулері "Радикалды полимерленудегі қарапайым винил эфирлері" (1985), "Полимерлер және оларды қолдану туралы жаңалықтар" (1988), "Онкогенездің физикалық-химиялық және биокибернетикалық аспектілері" (1991), "Пиперидиннің Винилацетилді туындылары және олардың негізіндегі полимерлер" (1991), "Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негіздері" (1995) бірегей монографияларында қорытылған. (Index H=6), сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ және Жапонияның ғылыми журналдарында жарияланған.

Академик Е.М. Шайхутдиновтың есімі Халықаралық библиографиялық орталықтың (Кембридж, Ұлыбритания) кітабына да енген. Ол бірқатар жоғары оқу орындарының – Мәскеудегі нәзік химиялық технология академиясының (МИТХТ), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрметті профессоры.

Осы көрнекті ғалымның ұйымдастырушылық таланты, қоғамның зияткерлік дамуына қосқан жеке үлесі, химия ғылымының маңызды мәселелерін шешудегі қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ғалымның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен белгіленді: "Құрмет" ордені, "Парасат" ордені, III дәрежелі "Барыс" ордені, білім беру және педагогикалық ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі, "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі және т. б.

Е. М. Шайхутдиновтың кәсіби шеберлігі, адалдығы,  адамгершілік қасиеті  оның өзі құрған органикалық синтез және полимерлі химия саласындағы мектептің жас ғалымдарының өшпес  шамшырағы болып қала бермек.

Е. М. Шайхутдиновтың көптеген шәкірттері  еліміздің бірқатар  ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарында табысты еңбек етіп, химия ғылымының дамуына, жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып, ғылымды реформалауға қатысуда.

Академик Е.М. Шайхутдинов туралы естелік оның шәкірттерінің, әріптестерінің, достарының, туыстары мен жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы,
Қ.
И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту