2 желтоқсан 2022 2504

Сәтбаев Университеті ERG Қазақстан үшін жасаған «Business Leader 2022-2023» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды

Сәтбаев Университеті ERG Қазақстан үшін жасаған «Business Leader 2022-2023» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды

2 желтоқсан күні ERG Қазақстан компаниялар тобының қызметкерлері ERG Қазақстан компаниясы үшін Сәтбаев Университеті жасаған «Business Leader 2022–2023» бағдарламасының бірінші модулін аяқтады. Бағдарлама цех басшылары мен перспективалы орта буын жетекшілеріне арналып жасалған. Оқу мерзімі жарты жылға созылады.

Оқуға Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарынан 29 адам келді, олар бір-бірімен танысу үшін, әрі көшбасшылық қабілеттері мен команданы тиімді басқару дағдыларын жетілдіру мақсатында келді. Бірінші күні «студенттер» алдында Жобаны басқару институтының директоры Бақытжан Амралинова мен белгілі саясаткер Амандық Баталов сөз сөйледі. Олар жиналғандармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларға сәттілік тіледі.

Сәтбаев Университеті ERG Қазақстан үшін жасаған «Business Leader 2022-2023» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды

Сәтбаев Университетінің мамандары 5 күн бойы ERG қызметкерлеріне жобаларды басқару әдісінің қыр-сырын үйретті. Алдағы уақытта оқу көшпелі сессиялар аясында өтеді де, оның тақырыптары персоналды басқару, бизнес-процестер және қаржы мәселелеріне арналады.

«Business Leader 2022–2023» бағдарламасы ең алдымен менеджмент саласында жоғары сапалы білім беретін практикалық бағытты ұстанады. Оқыту барысында ERG қызметкерлері Сәтбаев Университеті тәлімгерлерінің жетекшілігімен өз компанияларын үшін бизнес жобалар жасап, оны ERG байқауына ұсынады. Ең жақсы жобалар таңдап алынып, өндіріске енгізіледі.

Сәтбаев Университеті ERG Қазақстан үшін жасаған «Business Leader 2022-2023» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды

«Business Leader 2022-2023» бағдарламасы жоғары сұранысқа ие болатын кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратын бизнес пен университеттер арасындағы өзара қарым-қатынастық байланыстың бір бөлімі болып табылады, ол Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске асырылып отыр.

Eurasian Resources Group (ERG) – халықаралық компаниялар тобы, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші және әртараптандырылған компаниялардың бірі. Оның құрамына ірі-ірі тау-кен өндіру, қайта өңдеу, энергетика және логистикалық кәсіпорындар кіреді. Сондай-ақ ERG құрамында «Қазхром», «Соколов-Сарыбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан алюминийі» «Шұбаркөл Көмір», ERG Service, Қазақстан электролиз зауыты, Еуразиялық энергетикалық корпорация және Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып отырған басқа да кәсіпорындар бар.

Сәтбаев Университеті ERG Қазақстан үшін жасаған «Business Leader 2022-2023» бағдарламасының бірінші модулі аяқталды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту