Сәтбаев Университеті Еуразиялық патенттік ұйымның алтын медаль иегері атанды
2020 жылдың 11 қыркүйегінде Сәтбаев университеті В.И. Блинников атындағы "Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін"алтын медаль иегері атанды. Марапат университетке Сәтбаев университетін медальға үміткер ретінде ұсынған Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Қазпатент) бастамасымен берілді.
Марапат университет өкілдеріне Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің отыз алтыншы отырысында берілді. Отырыстың негізгі мәселесі – зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан үшін бұл өзекті мәселе, себебі біздің еліміз ЕАПО қатысушылары арасында патенттерге өтінім беру бойынша үш көшбасшының бірі болып табылады.
В.И. Блинников атындағы алтын медаль – Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы елдерде өнертапқыштық қызмет пен патенттік істі құруға, қалыптастыруға, дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Еуразиялық патенттік ұйым беретін марапат. Марапат Еуразиялық патент ведомствосының Тұңғыш Президенті, Еуразия өңірінің зияткерлік меншік саласындағы көрнекті қайраткері, ЕАПО негізін қалаушы Виктор Иванович Блинниковты еске алу құрметіне арналған.
Қымбатты әріптестер! Біздің ұжымды жоғары марапатпен құттықтай отырып, сіздерге ғылыми және өнертапқыштық қызметте табыс тілеймін!