Сәтбаев Университеті Fablab Network ғаламдық зертханалар желісіне қосылуда
Алматы, 18 қараша - Сәтбаев Университетінде Массачусетс технологиялық университеті мамандарының көмегімен ұжымдық қолданысқа арналған зертхана ашылады, ал оған бүкіл әлемнің инженер-зерттеушілері мен өнертабысшылары үшін үнемі қолжетімді болады. Зертхананы ашуға профессор, Fab Foundation атқарушы және бас директоры Шерри Ласситер эксперттік қолдау көрсетуге дайын.
Сәтбаев Университетіне жасаған сапары барысында Шерри Ласситер Fablab ғаламдық желісі бүкіл дүние жүзі бойынша 3 мыңға жуық зертханаларды біріктіретінін атап өтті. Мұнда студенттер мен инженерлер, бастамашыл зерттеушілер тек тәжірибе жинап қана қоймай, сонымен қатар өздерінің өнертабыстары мен ұжымдық жобаларын одан әрі коммерциялау үшін оның прототипін жасайды.
Fab Foundation 2009 жылы құрылған, ол Массачусетс технологиялық университетінің жобасы. Оның мақсаты - оқуға, инновациялар мен өнертабыстар үшін технологиялар мен цифрлық өндірістерді қолдана отырып, қаржылық құралдар мен жоғары білімді қолжетімді ету.
"Сәтбаев Университеті - жоғары сенімді оқу және зерттеу орталығы. Біздің сапарымыз халықаралық байланысты нығайтуға, көрнекті техникалық ойшылдармен өзара білім алмасуға бағытталған".
Fab Foundation болашақ суретшілер, кәсіпкерлер, ғалымдар мен қоғамдық белсенділер үшін тең мүмкіндік бере отырып, цифрлық айырмашылықты жоюға тырысады. Fab қорының серіктесі, демеушісі немесе салымшысы бола отырып, сіз бәріміздің инклюзивті болашағымызды қалыптастыру үшін ғаламдық үлестеріңізді қосып отырсыздар.
"МІТ Университетімен ынтымақтастық қарым-қатынас және Fablab ашу болашақ инженерлердің тәжірибесін дамыту ғана емес, сондай-ақ еліміздің игілігі үшін зерттеушілер мен өнертабысшылардың
күшін біріктіреді", - деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.
Сәтбаев Университеті - ұлттық техникалық зерттеу университеті, оның құрамына бірнеше академиялық және ғылыми институттар кіреді. Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың тапсырмасымен қазір жоғары оқу орнында инженерлік білім беру мен жаңа ғылыми технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы құрылуда.