Ақпарат:

11 наурыз 2021 3296

Сәтбаев Университеті Ғабдулла Нысанбайдың туған-туыстарына көңіл айтады

Сәтбаев Университеті Ғабдулла Нысанбайдың туған-туыстарына көңіл айтады
Габдулла Нысанбай

2021 жылы 10 наурыз күні 92 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, «Технологиялық машиналар, көлік және логистика» кафедрасының профессоры Ғабдулла Нысанбай қайтыс болды.

Профессор 1929 жылы 1 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 1955 жылы М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтын бітірді де, С.М. Киров атындағы машина жасау зауытында дәнекерлеу процесінің инженері болып жұмыс істей бастады. 1970 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор және «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Оның 120-дан астам ғылыми жұмыстары жарық көрді. Зерттеулерінің негізгі бағыты – металл жабдықтарының бөліктерінде тозуға және коррозияға қарсы қорғаныс қабаттарын құру мақсатында ұнтақ материалдарды плазмалық бүрку болып табылады. Зерттеу нәтижелері Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында іске қосылды. Тамаша жетістіктері үшін Ғабдулла Нысанбай Қазақ КСР ХШЖК-нің I және II дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ КСРО ХШЖК-нің қола медалімен марапатталған.

Ғабдулла Нысанбай қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ол ұзақ жылдар бойы ҚазҰТУ-дың Ғылыми кеңесінің мүшесі, ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, «Вестник КазНТУ» журналы мен «РАС» газетінің редакциялық алқасының мүшесі болды.

Жоғары білім беру саласына сіңірген зор еңбегі үшін Ғабдулла Нысанбай Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының және КСРО Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының ұжымы марқұмның отбасы, туған-туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі мәңгі есте сақталады.

Қоштасу 11 наурыз күні сағат 10:30-да мына мекенжайда өтеді: Абай даңғылы, 34-үй.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту