Ақпарат:

3 маусым 2024 3320

Сәтбаев Университеті ғалымдары Казақмыс корпорациясы ұйымдастырған Геомеханика бойынша бірінші халықаралық конференцияда

Сәтбаев Университеті ғалымдары Казақмыс корпорациясы ұйымдастырған Геомеханика бойынша бірінші халықаралық конференцияда

Осы жылдың мамыр айында Сәтбаев Университеті ғалымдары  Қазақмыс корпорациясы ұйымдастырған геомеханика бойынша бірінші халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шараға Ресей мен Қазақстаннан 60-тан астам ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен түрлі компаниялардың өкілдері қатысты.

Сәтбаев Университеті атынан конференцияға Тау-кен кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айдар Құттыбаев және Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі Эльмира Орынбасарова қатысты. Эльмира Орынбасарова баяндама жасап, Жезқазған кен орнында жер бетінің жылжуын мониторингілеу бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу жас ғалымдар байқауы аясында жүргізілді және тыңдаушылардың жұмыста қолданылған ғарыштық бақылау әдістері үлкен қызығушылығын тудырды.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Бас директоры Олег Копытов: "Жезқазған кен орны - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды тәжірибелік және өнеркәсіптік сынақтан өткізу үшін тамаша алаң. Біз бүкіл әлемде қабылданған прогрессивті тәсілдерді ілгерілету үшін біздің кен орындарымызда осы мүмкіндіктердің барлығын ұсынуға дайынбыз. Негізгі мақсат - біздің жұмысшыларымыздың жұмыс орындарындағы қауіпсіздігі және жер қойнауын ұтымды пайдалану."

Геомеханика Конференциясы осы саладағы мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін маңызды оқиға болды. Мониторинг әдістері мен технологияларына, сондай-ақ тау-кен жұмыстарына және жер бетінің тұрақтылығына байланысты мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сәтбаев Университеті ғалымдарының осындай халықаралық іс-шараларға қатысуы университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетеді және геомеханика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сәтбаев Университеті ғалымдары Казақмыс корпорациясы ұйымдастырған Геомеханика бойынша бірінші халықаралық конференцияда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту