6 қараша 2023 3109

Сәтбаев Университеті Гонконгтің CityU университетімен ынтымақтастық келісімді талқылауда

Сәтбаев Университеті Гонконгтің CityU университетімен ынтымақтастық келісімді талқылауда

Сәтбаев Университетінде Гонконг CityU университетімен онлайн кездесу өтті, оған университеттің президенті және құрметті профессоры Фредди Бои, вице-президенті Вэн Чжун Ли, вице-президенттің көмекшісі Дженнифер Лин, сондай-ақ Сәтбаев Университеті институттарының директорлары қатысты.

Екі университеттің өкілдері инженерия және жасанды интеллект салалары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын ашуды талқылап, Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек бекіткен стратегиялық серіктестікті дамыту қажеттігін атап өтті.

Гонконгтың қалалық CityU университеті – Гонконгтың Коулун-Тонг ауданы аймағында орналасқан қоғамдық зерттеу университеті.

Университет 1984 жылы құрылған, ол әлемдік рейтингте 65-орында, бүкіл Азия бойынша 23-орын алып, 100 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Қазір оның құрамында 4 колледж бен 6 мектеп бар, олар бизнес, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, инженерия, энергетика, қоршаған ортаны қорғау бойынша 50-ден астам бакалавриат бағдарламаларын ұсынады.

CityU университеті зерттеу және инновация саласында көшбасшы болып табылады. Пәнаралық зерттеулерді нығайту үшін университет Гонконгтың Жетілдірілген зерттеулер институтын (KIAS), 23 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарды және әртүрлі стратегиялық маңызды бағыттарды қамтитын 10 қолданбалы стратегиялық даму орталықтарын құрды. Қытайдың Ғылым және технология министрлігінің қолдауымен CityU жанынан екі мемлекеттік негізгі зертхана және Қытайдың ұлттық инженерлік зерттеу орталығы құрылды.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту