12 сәуір 2023 3600

Сәтбаев Университеті Ғылым күнін тойлауда

Сәтбаев Университеті Ғылым күнін тойлауда

12 сәуір күні таңертеңнен бастап Сәтбаев Университетінің басшылары мен ғалымдары қазақтың ұлы геолог-ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан Республикасының Ғылым күнін атап өту үшін университетте жиналды. Мерекелік күн ұлы ғалымның ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюдан және фотосессия жасаудан басталды.

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

Осы мереке күндері университет басшылығы мен ұжымы Қаныш Сәтбаевтың қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарайтындарын және оның ғылымға қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдіреді. Ғылым күні қарсаңында Политехтың басшылығы Қаныш Имантайұлының немересі Әлима Жармағамбетованы құттықтады. Университет ректоры Мейрам Бегентаев оны Политех пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан құттықтап, құттықтау хаты мен Сәтбаев Университетінің алтын медалін табыс етті.

Салтанатты жиыннан кейін «International Satbayev Conference 2023. Ғылым және технология: идеядан бастап, өндіріске енгізуге дейін (Сәтбаев оқулары – 2023)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференцияға қатысушылар алдында АҚШ консулының Мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Чад Киннир мырза құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның қадірлі қонағы - Қаныш Имантайұлының шөбере жиені Ғабдулғани Сәтбаев болды.

Satbayev University празднует День науки

Конференцияның негізгі тақырыбы – Қазақстанның негізгі салаларының инновациялық дамуы туралы болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар мен сарапшылар ғылым мен техника саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, білім алмасты.

«Сәтбаев оқулары» – Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай көп жылдардан бері Политехте өткізіліп келе жатқан дәстүрлі конференция, онда еліміздің барлық негізгі техникалық мамандары бас қосады. Биылғы жылғы конференция өндіріс пен ғылым арасындағы диалог алаңына айналды. Шақырылған спикерлер ғылыми әзірлемелерді, жаңа идеялар мен технологиялық серпілістерді енгізудегі өздерінің тәжірибесімен бөлісті.

Satbayev University празднует День науки

Талқылаулар мен пікірталастарға қатысушылар әртүрлі экономикалық даму стратегияларын зерделеуге және қолданбалы ғылымдағы ынтымақтастық пен инвестицияның жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысушылар экономиканың әртүрлі секторларындағы инновациялық дамудың түрлі аспектілерін, соның ішінде энергетика мен тау-кен өндіру, құрылыс және машина жасау, ақпараттық технологиялар мен жобаларды басқару мәселелерін талқылады. Конференция ғалымдар мен сарапшылар үшін тәжірибе мен білім алмасуға, ал студенттер мен жас ғалымдарға өз жұмыстарын ұсынып, өз саласының мамандарымен кері байланыс жасауға тамаша мүмкіндік болды.

Конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді және осы іс-шара барысында жасалған тұжырымдар мен идеялар Қазақстанның тұрақты дамуына септігін тигізеріне сенім білдірді.

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

Satbayev University празднует День науки

«Сәтбаев оқулары–2023» конференциясы университет қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапаттау салтанатымен аяқталды.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  1. Калпеева Жұлдыз Бейшеналықызы
  2. Ақпанбаев Ринат Серікұлы
  3. Иматалиев Талап Сайпуллович

Алғыс алғандар:

  1. Альменов Талғат Мақұлбекович
  2. Барменшинова Мадина Бөгембековна
  3. Айтқазинова Шынар Қасымқановна
  4. Байгенженов Өмірсерік Сабыржанович
  5. Мауленова Гүлнара Джұпарбековна
  6. Тәңірбергенова Анара Амирхановна
  7. Алиакпер Мадияр Манарбекұлы
  8. Сәрсенбаев Нұрлан Садуақасович
  9. Шідерин Бауыржан Нұрланұлы
  10. Санқабаева Асель Нұрсалимовна
  11. Төрегельдинова Алия Жұмабековна

Сәтбаев Университетінің ғылыми қызметіне сіңірген зор үлесі үшін марапатталғандар:

  1. Алғыс хат – Татыханова Гүлнұр Сайрановна.
  2. III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі – Тұрысбекова Гаухар Сейтанқызы

Сондай-ақ:

  1. Шарипова Алтынай Азигаровна
  2. Ратов Боранбай Товбасарович
  3. Чепуштанова Татьяна Александровна
  4. Азат Сейтан
  5. Абдиев Қалдыбек Жамшаевич
  6. Татыханова Гүлнұр Сайрановна
  7. Шабанбаева Эльмира Насретдиновна
  8. Буршукова Гульзия Адильбековна

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Құрметті маркшейдер» төсбелгісімен Нұрпейісова Маржан Байсанқызы марапатталды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Үздік маркшейдер» дипломымен марапатталғандар:

  1. Камза Анжелика Таласовна
  2. Қасымханова Хайни-Камал Михайловна
  3. Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна
  4. Кожаев Жеңіс Тұрсыналиұлы
  5. Нукарбекова Жұпаргүл Мұхаметкаримовна

Satbayev University празднует День науки

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту