26 қараша 2020 5455

Сәтбаев Университеті «Ғылым үздігі – Web of Science Awards» халықаралық сыйлығын алды

Сәтбаев Университеті  «Ғылым үздігі – Web of Science Awards» халықаралық сыйлығын алды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қамқорлығымен Clarivate Analytics компаниясы жыл сайын жоғары оқу орындарының, ғылыми журналдардың, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген ғылым өкілдері арасында үздіктерді анықтап, әлемге әйгілі халықаралық Web of Science Citation («Ғылым үздігі») сыйлығымен марапаттайды. Жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлық жылына бір рет беріледі, лауреаттар саны әлем бойынша 500-ден аспайды. Web of Science платформасы 1961 жылдан бері жұмыс істейді, платформаның негізгі өзегі Web of Science Core Collection мәліметтер базасы болып табылады.

Clarivate Analytics компаниясы Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Clarivate Analytics компаниясына тиесілі Web of Science көне халықаралық ғылыми-метрикалық жүйесінің зерттеу нәтижелері бойынша көрнекті қазақстандық ғалымдар мен ғылыми ұйымдар өздеріне лайықты марапаттарға ие болды.

Лидер науки - Web of Science Awards

2020 жылы Сәтбаев Университеті жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің дамуына қосқан үлесі үшін «Web of Science Core Collection-нің Қазақстан Республикасының техникалық университеттері арасында Q1 және Q2 квартильді журналдарда соңғы 3 жылдағы басылымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша тәуелсіз «Ғылым үздігі – Web of Science Award» сыйлығын қатарынан үшінші рет жеңіп алды.

Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер Бейсембетов Clarivate Analytics компаниясына университет қызметін жоғары бағалағаны үшін зор алғыс білдіріп, компанияның ғылыми өлшемдерді жүйелеу жөніндегі жұмысының маңыздылығын, мұның нәтижесі осы марапаттау рәсімі арқылы, жас ғалымдардың жұмыстары арқылы да ғылым мен еліміздің дамуына тұтастай әсер ететінін атап өтті.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің басшылығы, Қазақстанның ғылым, білім беру, саяси және экономикалық салаларының өкілдері қатысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, ТМД елдерінен келген беделді шетелдік сарапшылар, сондай-ақ Clarivate Analytics компаниясының Ресейдегі басқарушы директоры Олег Уткин бар.

Clarivate Analytics – ол мәліметтер базасын, ғылыми және академиялық зерттеулер жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер мен зияткерлік меншік жинақтарын басқаратын американдық тәуелсіз компания.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту