Сәтбаев университеті ғылыми экожүйенің ауқымды өсуімен және әзірлемелерді коммерцияландырумен таныстырды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Сәтбаев университетіне келді. Сапар барысында ол университет экожүйесінің негізгі нысандары: Гонконг қалалық университетінің филиалымен, Инклюзия орталығымен, Технопаркпен, nFactorial инкубациялық бағдарламасы және Инженерлік орталығымен танысты.
Бүгінгі таңда Сәтбаев университеті – еліміздегі қолданбалы ғылым мен технологиялық кәсіпкерлік саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Бүгінде мұнда мемлекеттік қаржыландыру аясында 162 ғылыми жоба және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру бойынша 33 жоба жүзеге асырылуда – бұл қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Университет қолданбалы зерттеулерге 2,9 млрд теңге жеке инвестиция тартты, сөйтіп жас ғалымдар тобының жаңа буынын белсенді түрде қалыптастыруда: жоба жетекшілерінің 35%-ы – 40 жасқа дейінгі жастар.
Мәжілісмен жаңа «STROYTECH» технопаркінің жұмысымен де танысты, оның құрылысына 4 млрд теңге бөлінген болатын. Мұнда қазірдің өзінде бөлшектеу блоктарын шығаратын жылжымалы цех, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру ісі және полимербетон бұйымдарының желісі іске қосылды. Жоба аясында 60 ғылыми жұмыс жарияланды, 12 патент тіркелді және 6 PhD докторы даярланды.
Әсіресе spin-off компаниялардың дамуына баса назар аударылады: биыл университетте 12 жаңа компания ашылды, 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды, сондай-ақ 8,3 мың тонна құрылыс қоспалары мен 70 мың шаршы метр тротуар плиталарын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Әрі архитектуралық бетон және кері осмосқа арналған мембраналарды өзімізде өндіру бойынша жобалар әзірленуде.
Бағдарлама бөлімдерінің бірі – Гонконг қалалық университетінің халықаралық филиалын ашу болды. Бұл – Сәтбаев университетінің базасында Азияның жетекші университеттерінің бірінің шетелде ашылған алғашқы кампусы. Мұнда материалтану, жасанды интеллект және азаматтық құрылыс инженериясы бойынша қос дипломдық бағдарламалар жүзеге асырылады. Студенттер 2+2 және 1+1 модельдері бойынша білім алып, Алматы мен Гонконгта оқуды біріктіре отырып, екі елдің де дипломдарын алып шығады. Қазіргі уақытта бағдарламаға 300-ден астам студент қатысуда.
Депутат сонымен қатар Сәтбаев университетінің Инклюзия орталығында болды, бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар студенттерге ыңғайлы ортада оқуға көмектеседі: оларға жеке жағдай жасалады, консультация беріліп, психологиялық қолдау көрсетіледі.
«Сәтбаев университеті кешенді әдіс қолдануды көрсетіп отыр: ол мамандар даярлайды, инновацияларды дамытады, барлығына бірдей жағдай жасайды және халықаралық серіктестік орнатады. Мұндай бастамалар – еліміздің тұрақты дамуының кепілі», – деп атап өтті Таңсәуле Серіков.
Сапар барысында Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков Сәтбаев университетінде өтіп жатқан жас ІТ-стартаптарға арналған ең ірі жазғы мектеп – nFactorial бағдарламасының жұмысымен де танысты. Университет қатысушыларға аудиториялар мен зертханаларға қол жеткізуді қамтамасыз етіп, оларға техникалық қолдау көрсетті.