14 маусым 2019 6399

Сәтбаев университеті Ғылыми кітапханасының директоры медальмен марапатталды

Сәтбаев университеті Ғылыми кітапханасының директоры  медальмен марапатталды

Жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кітапханалық өзара ықпалдастық: Жоғары оқу орындары кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция барысында корпоративтік кітапханалық жинақтарды дамыту, халықаралық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, академиялық кітапханалар дамуының заманауи үрдістері мен кітапхана қызметкерлерін даярлау секілді мәселелер қарастырылды.

Іс-шара барысында қазіргі заманауи кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін кітапхана саласы өкілдерін марапаттау рәсімінде Сәтбаев университеті Ғылыми кітапханасының директоры Бағдат Узбаева «Кітапхананың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Бағдат Узбаева Қазақстан Республикасының кітапханалары қауымдастығының мүшесі ретінде шетелдік ғылыми және білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуде электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және кітапхананың қор байлығын ашу қызметтерін дамытуға бағытталған семинарлар ұйымдастырып, жемісті қызметтер атқарып келеді.

Университет және Ғылыми кітапхана ұжымы Бағдат Жұмашқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, батыл жаңа идеялар, жаңа бастамалар мен жарқын жетістіктер тілейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту