Ақпарат:

27 мамыр 2025 335

Сәтбаев университеті HK Tech 300 International Start-up Competition халықаралық стартаптар байқауына қатысты

Сәтбаев университеті HK Tech 300 International Start-up Competition халықаралық стартаптар байқауына қатысты

23–24 мамыр күндері Гонконг қалалық университетінде ірі инновациялық және кәсіпкерлік HK Tech 300 Expo көрмесі өтті. Көрменің салтанатты түрде ашылу рәсіміне Сәтбаев университетінің делегациясы да қатысты. Жуырда университетте CityUHK филиалы ашылған болатын.

Көрме аясында HK Tech 300 International Start-up Competition халықаралық стартап байқауы ұйымдастырылды. Бұл – CityUHK-тың жаһандық бастамасы, ол келешегі зор технологиялық стартаптарды әлемнің түкпір-түкпірінен тартуға  және оларды одан әрі дамытуға бағытталған.

Екі күн ішінде қонақтар CityUHK стартап-инкубаторынан өткен 300 жобаның ішінде 60 жобамен танысты. Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев биотехнология, энергетика, ИКТ және жасанды интеллект саласы бойынша қоғамның практикалық мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше инновациялық жобаларды атап өтті.

Қаржыландыру және патенттік қолдаудан басқа, конкурстық бағдарлама жаңа технологиялық кәсіпкерлерге кең мүмкіндіктер ұсынады, атап айтқанда: бизнесті қолдау, бірлесіп инвестициялау, әртүрлі салалар бойынша 250-ден астам мамандарды тәлімгерлік қолдау, сондай-ақ 100-ден астам мемлекеттік және жеке серіктестермен ынтымақтастық жасау, 9 елдің – Вьетнам, Бруней, Венгрия, Таиланд, Малайзия, Түркия, Индонезия, Гонконг және Қазақстан университеттерімен қарым-қатынас орнату

Қазақстандық делегация энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін инновацияларға, энергия үнемдейтін технологиялар мен телекоммуникацияларды дамыту ісіне ерекше назар аударды. Роудшоу шарасына қатысу жарысқа қатысқан командалардың шешімдерімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Талқылау барысында екі жақ тараптар технологиялар трансферті, бизнес-идеялармен алмасу және Сәтбаев университеті базасында спин-офф компанияларды ашуға көмектесу туралы келісті.

Сәтбаев университеті HK Tech 300 International Start-up Competition халықаралық стартаптар байқауына қатысты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту