Сәтбаев университеті қала қауіпсіздігі мәселелері бойынша еуразиялық инновациялық форум өткізеді
2022 жылдың 15-17 маусым аралығында Сәтбаев университетінде «Ірі қалалар қауіпсіздігі мен құрылысының өзекті мәселелері» атты Еуразиялық инновациялық форум өтеді. Форумды Сәтбаев университеті мен Ресейдің құрылыс және тұрғын үй шаруашылық министрлігінің орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен, Сейсмология, сейсмотұрақты құрылыс және стихиялық апаттардан қорғану бойынша Еуразиялық орталықпен және де Ұлттық эксперттік біріккен ұйым "Сросэкспертиза"-мен ұйымдастыруымен жүргізеді.
Форумның негізгі миссиясы – халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін ірі қалалардың құрылысын жетілдірудің проблемалары мен перспективаларын талқылау, сәулетшілердің, қала салушылардың, құрылысшылардың, аумақтық жоспарлау және төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар мен сарапшылардың халықаралық ғылыми-техникалық және іскерлік ынтымақтастығын дамыту.
Форум жұмысының бағыттары:
- Қала құрылысы, сәулет
- Техникалық реттеу, нормалау және стандарттау
- Сейсмикаға төзімді құрылыс және объектілердің қауіпсіздігі
- Көлік инфрақұрылымы объектілері
- Қалдықтардан қайталама шикізат пен ресурстарды қолдану
- Құрылыстағы жобалау, есептеулер, сараптама.
Форумның ғылыми-координациялық кеңесі:
- Болат Куспангалиев, кеңес төрағасы, сәулет докторы, құрметті сәулетші, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының және халықаралық сәулет академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі, "Алтын Адам" сыйлығының лауреаты – "Қазақстанның жоғары мектебі мен сәулетін дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша жыл адамы.
- Рустам Акбиев, кеңестің қосымша төрағасы, «Ресей құрылыс министрлігі ОҒЗЖИ» ФМББ кешенді қала құрылысы қауіпсіздігі департаментінің жетекшісі.
- Миркен Абаканов, аға ғылыми қызметкер, Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Eurasian SEISMO Association президиумының мүшесі.
- Владимир Гурьев, доктор, профессор, РСҚҒА кеңесшісі, ФМББ «Ресей құрылыс министрлігі ОҒЗЖИ»-нің сейсмотұрақты құрылыстың құрылыс механикасы және стихиялық апаттардан қорғау басқармасының жетекшісі.
- Заалишвили Владислав, доктор, профессор, К.Л. Хетагуров атындағы Солтүстік Осетин мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, РҒА ҒҒЗИ ғылыми жетекшісі.
- Дмитрий Климов, РСҚҒА-ның корреспондент-мүшесі, МСБ «Қала құрылысы ҒЗжЖИ» директоры.
- Владимир Мондрус, профессор, РСҚҒА-ның корреспондент-мүшесі, Eurasian SEISMO Association президенті міндетін атқарушы, РОССКОМ төрағасы.
- Жанкелди Наширалиев, доцент, қауымдастырылған профессор, Сәтбаев университетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының меңгерушісі.
Форум келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22. Сәтбаев университеті.
- 15 маусым 2022 жыл, Сәтбаев университетінің ТМҒ акт залында. Тіркелу уақыты сағат 09.00.
- 16 маусым 2022 жыл, 207 ТМҒ коворкинг орталығы.
- 17 маусым 2022 жыл, 316 МҒ конференц-залы.
Форум жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Форум сайты.
Барлықтарыңызды Форумға қатысуға шақырамыз.