Сәтбаев университеті Канаданың жоғары білім беру жүйесінде алғашқы стратегиялық серіктестердің бірі болады
Канада университеттері мен The Ulytau Educational Foundation білім беру қорының бірлескен делегациясы Сәтбаев университетіне келіп, білім беру және ғылым саласындағы ықтимал ынтымақтастық арым-атынас туралы талқылады. Кездесу Канада университеттері басшыларының Қазақстанға сапары аясында, атап айтқанда, Жезқазған қаласында «Ұлытау» техникалық университетін ашу мүмкіндігін талқылау мақсатында өтті.
Thompson Rivers University, University of New Brunswick, Ontario Tech University, Kwantlen Polytechnic University және «Ұлытау» білім беру қорының өкілдері осы жобаны талқылау үшін университет ректоры Мейрам Бегентаевпен кездесті.
Канадалық жоғары оқу орындарының өкілдері автоматтандыру, таза энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, экономика, жобаларды басқару және басқа да салалар бойынша ғылыми ынтымақтастық жасауға қызығушылық танытты. Қол жеткізілген келісімдер қатарында бірлескен ғылыми жарияланымдар мен жобалар, қос дипломдық білім беру бағдарламасы және келесі оқу жылында басталатын өзара академиялық алмасу бағдарламасы бар.
– Сәтбаев университеті Канаданың жетекші университеттерінің тұрақты серіктесі ретінде әрекет ететін алғашқы университет болады. Біз жаңа университеттің негізін қалайтын ұйым ретінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, студенттерімізге көбірек мүмкіндіктер береміз және оларға жеке қатынасты қамтамасыз ете аламыз», – деді Самғат Ермекбаев.
Университет ғалымдары үшін бұл келісімдер қолданбалы ғылымдар бойынша жаңа тәжірибені меңгеруге, ал халықаралық дәрежедегі диплом алуға ұмтылатын студенттер үшін Қазақстаннан шықпай-ақ, канадалық білім алу мүмкіндігін береді.
Кездесу барысында екі тараптың өкілдері де осы бірлескен жобалар Қазақстан мен Канада студенттері мен ғалымдары үшін басқа да жаңа ғылыми мүмкіндіктерді ашып, қазіргі өзгермелі әлемде білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.