12 сәуір 2021 4579

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевты еске алды

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевты еске алды

Сәтбаев Университетінде Ғылым күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші түбіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Салтанатты жиынға университет ректорының міндетін атқарушы Амандық Қуатұлы Тулешов, ректордың кеңесшісі Ұлықпан Есілханұлы Сыдықов, ғылым жөніндегі проректор Асқар Хамзаұлы Сыздықов, Қ.Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен институтының директоры Қанай Бақытұлы Рысбеков және Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Маржан Байсанқызы Нұрпейісова қатысты.

– Бүгін біздің университет үшін өте маңызды ұлы мереке, – деді Амандық Тулешов салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. – Бүгін Ғылым күні және де Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Университеттің ректораты атынан және тұтас ұжымның атынан республикамыздың барлық ғалымдарын осы мерекемен құттықтаймын!

Ректордың міндетін атқарушы өз сөзінде сонымен қатар Сәтбаев Университетінің өндірістік кәсіпорындармен әлеуеті мен үлкен байланысы бар екенін, бұл оның дамуында келесі қадам жасауға және шын мәнінде зерттеу университетіне айналуға көмектесетіндігін атап өтті.

Satbayev University чествует память Каныша Сатпаева

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту