Ақпарат:

20 тамыз 2024 2826

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында көрнекті геолог-ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақстан тарихындағы басты тұлғалардың бірі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Бұл еліміздің ғылымын, мәдениетін және қоғам өкілдерін біріктіріп, есімі қазақстандық ғылымның символына айналған кемеңгер тұлғаның мұрасын ұлықтауда республика үшін өте маңызды оқиға болды.

Сәтбаев Университеті осы мерекеге белсене қатысып, іс-шара барысында экологиялық таза технологиялармен қуатталған бірегей жоғары технологиялық киіз үй құрды. Дәстүр мен заманауи ғылымның жетістіктерін біріктірген бұл киіз үй университет дамуына бағыт-бағдар беретін тұрақты даму мен экологиялық ойлаудың символына айналды.

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Сәтбаев Университетінің киіз үйінде қонақтарға MADE IN SU брендімен жасалған өнімдер ұсынылды. Экспонаттар арасында әсіресе қазақтың тұңғыш парфюмері, ғалым Гүлжан Түзелбаеваның қолынан шыққан әтірге ерекше назар аударылды. Ол Баянауылға арналған «Торайғыр», «Жасыбай» және «Сабындыкөл» атты композициялары бар жұпарлар сериясын ұсынды. Сондай-ақ жас ғалым Ербол Сағатов жасап шығарған гипоаллергенді сұйық сабын мен ыдыс жууға арналған жаңа жуғыш зат көрсетілді. Көрме Қаныш Сәтбаевтың бейнесі бар бірегей минералдармен толықтырылды.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Ректор өз сөзінде Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын сақтау мен оны арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Сәтбаев Университеті атынан осы іс-шараға сонымен қатар Ғылым жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, академик және музыкант Ұлықпан Сыдықов пен Қазақстанның геология саласындағы жетекші ғалымдарының бірі Әділхан Байбатша қатысты. Олар Сәтбаевты көрнекті ғалым ғана емес, сондай-ақ Отанына, халқына деген ыстық ықыласы зор тұлға ретінде танытатын тамаша деректермен бөлісті.

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Ал Сәтбаев Университетінің студенттері мерекенің мәдени бағдарламасына белсенді түрде қатысты. Университет өнерпаздары әйгілі «Дос Мұқасан» ансамблінің әндерін орындап, мерекеге ерекше сән берді, сөйтіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар – ғалымның мұрасы қазіргі Қазақстанда өмір сүріп, дамып келе жатқанының айқын дәлелі болды. Сәтбаев Университеті осы мерекелік шараларға белсене атсалысып, ұлы ғалымның мұраттарына адалдығын растап қана қоймай, еліміздегі ғылым мен техниканың дамуында жетекші роль атқаратынын тағы да бір рет дәлелдеп берді. Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, университет Қаныш Сәтбаев салған сара жолды жалғастырып келеді, сөйтіп Қазақстанның ғылыми-техникалық держава ретінде халықаралық аренадағы орнын нығайтып отыр.

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Сәтбаев Университеті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өтуде: дәстүр мен жаңашылдықтар бір мерекеде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту