Ақпарат:

27 наурыз 2020 4840

Сәтбаев Университеті карантинге байланысты жатақханаларды босатады

Сәтбаев Университеті карантинге байланысты жатақханаларды босатады

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Алматы қаласының аумағында карантин енгізіліп, азаматтардың қозғалысы шектелген карантиндік аймақтың шекаралары белгіленді.

Қала тұрғындарының өміріне қолдау көрсететін медициналық және тамақтандыру ұйымдарының, коммуналдық қызметтердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көпшілігі қала маңында тұрады.

Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен жедел штаб құрылды. Оның 2020 жылғы 25 наурыздағы шешімімен осы штабқа тағайындалған қызметкерлер тұрақтануы үшін, сөйтіп төтенше жағдай кезінде Алматыға көмек көрсету үшін қаланың жоғары оқу орындарының жатақханаларымен қамтамасыз етіледі.

Осыған сәйкес Сәтбаев Университеті № 1 және № 2 жатақханаларды әкімдіктің қажеттіліктері үшін карантин аяқталғанға дейін босатады.

Ал жатақханада тұратын студенттердің заттары жатақханадағы қоймаға тапсырылады. Университеттің жауапты қызметкерлері әр бөлмедегі заттарды, тоңазытқышта қалған бүлінген өнімдерді қоспағанда, жеке пакеттерге салып, мөр басып, қолдарын қойып тапсырады.

Жатақханалардың акт залдары, компьютерлік сыныптар мен оқу залдары осы заттарға қоймалар ретінде пайдаланылады. Бұл бөлмелердің барлығы мөрленіп, құлыпталады. Сәтбаев Университетінің жедел әрекеттер орталығының қызметкерлері күн сайын құлыптар мен пломбаларды тексеріп, заттардың қауіпсіздігін қадағалап отырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту